10.12.2021, 10:33
Қараулар: 39
Тұз бен  қант

Тұз бен  қант

Тұз  бен  қант – бұлар, оларсыз  адамдар  өз  өмірлерін елестете  алмайтын өнімдер.  Әрине,  оларды  қолдануға  тыйым  салынған   белгілі  бір  аурулары  болмаса  қолдануға  болады.  Олардың  зияны  мен  пайдасы туралы даулар  көптен  бері айтылуда. Тұз бен  қанттың  мөлшерін  қалыпты  мөлшерде  пайдалансақ,  зиян  болмауы  керек.  Толығырақ айтатын болсақ,   алдымен  тұз туралы  айтайық.  Ас тұзы  60  натрийдан  және  40 хлоридтан тұрады.  Әрбір  органикалық  өнімде  белгілі бір  тұз  мөлшері бар.  Натрий  хлоридін  шамадан тыс  пайдалану  қан  қысымына әсер етеді,  ағзада  калцийдің  жетіспеушілігіне  ықпалетеді,  остеопороз бен  астма ұстамаларын  қоздырады. Тамақты  жүйелі  түрде  ащы  етіп  жасау  асқазан обырын  туғызуы  мүмкін.   Бірақ   тұздан  толық  бас  тартуға  болмайды.   Хлорид натрийі  зат  алмасуда  маңызды рөл атқарады, ағзадағы  су деңгейін  реттейді,  қанның  қышқылдық балансын ұстап тұрады,  жүйке  белгілерін  беруге және  бұлшықеттердің  жирылуына жауап береді.   Тұз  нормасы  қандай?  Адам өзін  жақсы сезіну үшін   тәулігіне   шай  қасықтың  төрттен  бірінен  аспайтын  тұз  мөлшері талап  етіледі. Күніне  біздің  ағзамызға  қажет  натрийдің  ең  аз  мөлшері  1-2г. болып  табылады. Азық – түлік  сатып  алғанда  орамадағы  тұз  құрамына  назар  аудару қажет.Кейбір  өндірушілер  тұз  бен  натрий  құрамын  бөліп  жазатындықтан,  түсініксіз  жағдай  орын  алады. Дәмін  келтіру үшін  тұз орнына  балғын көкшөптерді немесе  табиғи  дәмдеуіштерді  пайдаланыңыз. Зиянды  тұзбен  күресуге болады.  Ол үшін  тұзсыз   диетаны  ұстауға  тырысыңыз,  ал үйреншікті  ас  тұзын  теңіз  тұзына  ауыстырыңыз. Енді , қант  туралы  айтатын  болсақ , қанттың  мөлшерін шамадан тыс пайдалну:

*ол  ағзадағы  липидтік  алмасудың  бұзылуына, кейіннен артық салмақ жинап  алуға атресклерозға әкеледі (әсресе  қантты пайдаланудың тәуліктік  нормаларын тұрақты арттырған кезде)

*Тәбетті күшейтеді және тағы  бір нәрсе  жеуге  құштарлығыңызды  оятады (бұл қандағы  глюкозаның  күрт  өзгерулерінен  болады)

*Қандағы  қант  деңгейін  арттырады (диабетиктерге  бұл жақсы таныс)

*сүйектен  калцийді  жуып  шығарады, себебі  қандағы  Рһ  қышқылддандыратын  әсерді  зарарсыздандыру  үшін  кальций  қолданылады

* шамадан тыс  көп  пайдаланғанда  ағзаның  вирустар  мен  бактерияларға  қарсы  тұруын  төмендетеді( әсіресе  майлармен біріккенде —  торттарда,  тәтті  бәліштерде, шоколадты  конфеттерде және т.б.)

*стресті  тереңдетеді және  ұзартады(бұл кезде  қанттың  ағзаға әсері  алкогольдікіне  ұқсас – алдымен  ағзаны «босыңсытады»,  содан соң  оған  қатты  соққы береді)

*тәттілерді  көп мөлшерде  пайдаланғанда  ағзаны  тоздырып  жібереді,  ол  денсаулықтың  әртүрлі  проблемаларына әкеледі(тері  жай- күйінің  нашарлауы, ас қорты жүйесінің  бұзылуы,  ашулаңшақтық,  жүрек – қан  тамырлары  жүйесінің  зақымдалуы және т.б.) Қант  қандай зиянды  болып көрінгенмен, одан  келер  пайда да бар, әрине  бірақ оны  қалыпты  мөлшерде  пайдалансақ ғана. Қант ағзада  глюкозаға  айналады,  ол  өз  кезегінде  бас миының  қорек  алуының  басты  көзі.   Қант бауыр  үшін де пайдалы. Ағзаға түскенде   ол  бауырдағы  уытты  заттарға  тоқсауыл болу  функциясын  орындауға көмектеседі. Қант  өте  калориялы  өнім, 1 грамм қант 4 калорияға тең. Қант барлық  тағам өнімдерінің  құрамында бар: нанда,  тұздықтарда,  шырындарда және тіпті  шұжықта- бұлардың  барлығында  қант мөлшерін  санау қиын болатын «жасырын қант» деп аталатындар.  Сондықтан  кейбір елдерде, өндірушілерді  өнімнің  құрамындағы  қант  мөлшерін  орамдарда  көрсетуге  міндеттейді. Қанттың  ағзаға  зиянын  азайту  үшін  қалыпты  мөлшерде  пайдалана  біліңіз! Құрамында  қанты  көп  өнімдерді   жемеңіз,  шайға, кофеге, басқа да  сусындар мен тағам  өнімдеріне  таза  қантты  қосу  мөлшерін  шектеңіз.

 Дана Ғабдуллина

Казталов  аудандық  санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау  басқармасының  бөлім басшысы