9.12.2021, 9:33
Қараулар: 54
Вакцинадан  бас  тартқан  ұтқан  емес

Вакцинадан  бас  тартқан  ұтқан  емес

Соңғы  уақытта  вакцинаның  зияндылығы  жайында  интернетте  көптеген  жағымсыз  видеолар  жүр. Осының  өзі  адамдардың  арасында  алаңдатушылық  тудырып  бас  тартуға  жол  беруде.

Вакцина  дегеніміз ? Алдымен  вакцинаның  не  екендігіне  тоқталсақ.  Вакцина – белгілі  бір  инфекцияны  жоюға  бағытталған  микроағзалардан  жасалатын  препарат. Өндірісте  вакцинаны  жасағанда қатаң  бақыланады,  яғни  зиянды  инфекциялардан қорғайтын  қасиетін  сақтап,  артық  және  зиянды  заттардан  толықтай  тазартады.  Одан  кейін  препараттың  қауіпсіздігі  зертханалық  және  клиникалық  тексерулерден  өтеді. Негізінде,  вакцина  вирусты  аурулардың  алдын  алады.  Вирустар екпені егуден кейін де немесе одан бас тартқандада ағзаға түседі. Ол ауруды мүлдем болдырмайды деген қате түсінік болмауы керек.

Вакцина аурудың жеңіл өтуін ғана қамтамасыз етеді және кеселді асқындырмайды. Кез келген вакцина баланың ағзасында өтпелі реакция тудырады. Дәрігерлер өтпелі рекцияға бола екпеден бас тарту қателік екендігін айтады.

Аурумен күресудің жолы. Ақ халаттылар қазіргі уақытта инфекциялық аурулар мен күресудің бірден-бір тиімді жолы — екпе екендігін айтады. «Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде жұқпалы аурулармен сырқаттану деңгейі төмендеді. Иммунизация жыл сайын 2-3 миллионға дейінгі өлім жағдайының алдын алады. Вакцинаның адамзат үшін пайдасы — өлім-жітім мен жұмыс жарамсыздығын болдырмайды. Алғашқы вакцина сәби дүниеге келген 1-4 күн аралығында туберкулезге және «В» вирусты гепатитке  қарсы салынады. Екпе  егудің Ұлттық күнтізбесі бар.

Вакцинаның маңыздылығы тек инфекциялық аурудыалдын алу мен ғана шектелмейді.Медицинада аурулардың тарихына көз жүгіртсек, осыдан 30-40 жыл бұрын қызылша немесе дифтерия инфекцияларынан балалар өлімі көп болған.Көкжөтел мен ауырып жатыр екен дейтінде жиі естілетін. Бүгінде бұл аурулардың аты аталмайды. «Бұл – екпенің оңды нәтижесі. Оның әсерінен күні бүгін талай аурулар жер бетінен жойылған. Сондай-ақ, Қазақстанда  2000 жылдардан кейін дифтерия, полиомиелит аурулары тіркелкен жоқ».

Инфекция  адам  тандамайды. Егер  егу  жұмыстары  жаппай  жүргізілмесе, қоғамда  қолайсыз  жағдайлар  туындауы  мүмкін№ жұқпаға  қарсы  егілмеген  бала  сол  жұқпалардың  қайнар  қөзі  болып  саналады. Ал  егілген  бала,  тіпті  ауырып  қалған  жағдайда  д а ауруы  өте  жеңіл  түрде  өтеді.  Осы  жолдарды  қуаттайтын  бір  дерек,  жыл  сайын  вакцинаның  арқасында  3  миллиондай  сәби  ажал   тырнағынан  қалып,  750  мыңдай  бал а мүгедектіктен  арылады  екен.  Бұл – сарапшылардың  вакцинасыз  кезеңмен,  уақтылы  вакцина  егілетін  бүгінгі  кезеңді  салыстыра  келе  түйіндеген  статистикасы.  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  деректерінде  жыл  сайын  түрлі  сырқаттан  көз  жұматын  адамдардың  үштен  бір  бөлігінің  өлімі  жұқпалы  аурулардан  келетіні айтылады   Қазіргі  таңда  27  түрлі   ауруды  вакцинамен  ауыздықтауға  болатыны  анықталған.  Яғни,  жұқпалы  ауруларға  қарсы  күрестегі  бірден-бір  құрал  халықты  егумен  толық  қамту  екенін   жұртшылықтың  жаппай  түсінуі  маңызды.  Тағы  бір  айтар  кетерлік  мәлімет,  елімізде  вакцина  егу  жұмыстары  тегін  жүргізіледі.  Басқа  елден  келгендерге  де  екпе  ақысыз.  Ол  үшін  тіркелген  немесе  уақытша  тіркелген  емханасына  барады.

 

Марина Мұхамбетқалиева

Аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау

 басқармасының  жетекші маманы