9.12.2021, 9:30
Қараулар: 49
Қауіпті тағам

Қауіпті тағам

Адам ағзасына  өте зиян тағамдардың түрлері.Әрине,олардан адам уланып өлмейді, алайда,жиі пайдаланған жағдайда түрлі ауруларға шалдығары сөзсіз.

Чипсы мен лимонад

Чипсы- майлар мен көмірсулардың қоспасы. Сонымен қатар, оның құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі.Оны дайындау кезінде адам азғасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсуль сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Лимонадтын құрамында аспартам(Е951) бар.Сусынды көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушандыққа алып келуі мүмкін. Чипсы мен Лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады.

Дүкеннің шұжықтары,кептірілген ет өнімдері:

Шұжықтар,тұшпара,тартылған ет-бұлардың құрамында қоюландырғыш,май алмастырушы заттар,реттеуіш,иістеуіш сынды қоспалар көптеп кездеседі. Құрамында канцерогендер жоғары мөлшерде болғандықтан мамандар  кептірілген ет пен балықты да қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отыр

Маргарин,тәтті тоқаштар

Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады.Сондықтан,ол қосылған тағамдардың барлығы зиянды.Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес.

Кофе мен энергетикалық сусындар

Ересек азаматқа күніне екі бокал кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал,энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш,химия және газдар бар.

Майонез бен кетчуп

Майонездің де құрамында холестеринді арттыратын зиянды майлар көп.Әсіресе пластик ыдыстарындағы майонез адам ағзасына зиянды.Ал ,кетчуп құрамында үлкен көлемде консерванттар мен реттеуіштер бар.

Енді сізге жоғарыда көрсетілген тағамдарды пайдаланудың неге әкеп соқтыратыны белгілі.Сондықтан сіз өзіңізге не қажет екеніне қорытынды шығарыңыз,жоғарыда аталған өнімдер ма әлде сіз бен балаңыздың денсаулығы ма!

Ұлболсын Кульбаракова 

Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы