9.12.2021, 9:25
Қараулар: 44
А және Е вирустық гепатиті және оның алдын алу

А және Е вирустық гепатиті және оның алдын алу

Вирустық гепатиттер –гепатиттің вирустары қоздыратын адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір-бірінен айырмашылығы әжептәуір, әртүрлі вирустармен қозады, бірақ бәріне ортақ белгі бірінші кезекте адамның бауырын залалдайды және оны қабындырады. Этиологиясы бойынша гепатит А, B, C, D, E, G бөліп бөлінеді. Осылардың ішінде А және Е гепатиттеріне толығырақ тоқталайық. А гепатиті немесе Боткин ауры – ол вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі. Вирус жұғуына барынша тән жолы – адамдар арасында барынша тығыз тұрмыстық қарым-қатынас және тамаққа ауру жұқтырылған азық-түлікті немесе суды пайдалану. А гепатиті сонымен бірге кір қол арқылы беріледі, сондықтан онымен көбінесе балалар ауырады.  Естияр адамдар А гепатитімен әлдеқайда сирек ауырады. Бірақ олар да ауруы мүмкін. А гепатитінің қоздырғышы адам ағзасына асқазан-ішек жолдары арқылы енеді және қанмен бауырға өтеді, оның жасушаларына еніп, сол жерде көбейеді. Ауру кір қолдар, жуылмаған жеміс-жидектер, сапасыз ауыз суы, сары аурумен ауырған адамдармен тығыз байланыста болған кезде беріледі.

Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен сипатталады. Тұмауға ұқсас белгілер пайда болады — бас ауруы, айқын көрініс беретін жалпы әлсіздік, бұлшықеттің ауруы, қалтырау, ұйқышылдық, түнгі уақыттағы ұйқының бұзылуы. Осы фонда диспепсиялық бұзылулар пайда болады — тәбеттің төмендеуі, ауызда ащы дәмді сезу, жүрек айну, кейде құсу, оң жақ қабырға астының және қарын үстінің ауырсынуы және қолайсыздықтың сезілуі, темекі шегушіліктен жирену. 2-4 күн өткен соң, несеп түсінің өзгеруі байқалады. Ол сыра немесе қою шай түсіне ұқсап кетеді. Одан кейін нәжіс түссіз болып кетеді. Аурудың сарғаю кезеңі басталғанын білдіретін белгі ретінде аққабықтың сарғаюы байқалады. Сарғаю кезеңі 7-15 күн созылады. Ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабық, одан кейін тері сарғая бастайды. Сарғаю пайда болған соң, сарғаю алды кезеңіндегі белгілер бәсеңдей бастайды, ал көптеген науқастарда мүлдем жоқ болып кетеді, бұл ретте, ең ұзақ сақталатыны әлсіздік пен тәбеттің төмендеуі.

Е гепатиті ол өзінің белгілерімен А гепатитіне ұқсайды. Бірақ, вирустық гепатиттердің басқа түрлерінен айырмашылығы Е гепатитінің ауыр түрінде, бауырмен қоса бүйректе зақымданады.

Адамдар, әсіресе жастар, гепатит дегеннің не екенін және ол ауруды болғызбас үшін, өздерін қалай ұстауды білулері керек. А гепатиті нәжіс-ауыз жолымен  берілетін болғандықтан алдын алу оңай, ол үшін гигиена ережелерін сақтаса : тамақ ішерде, дәретханадан кейін қолды сабындап жуу,  Сондай-ақ көкөніс пен жемісті мұқият жуылып, желінсін, тек қайнаған суды ішу қажет. Отбасыңызда біреу гепатитпен ауырып қалса, киімдерді, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты хлораминмен өңдеп жуыңыз.  Сонымен бірге балаларға аталған ауруға қарсы егілу ұсынылады.

Шынар Махсотова

Казталов аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы