3.12.2021, 9:56
Қараулар: 59
Безгек туралы не білу керек

Безгек туралы не білу керек

Бегзек-бұл  инфекциялық  қан  ауруы,ол  адамды  қалтыратып,аласұрғызады  Бүл  безгекпен  ауыратын  адамның қанынан  безгек  паразиттерін  сорып  алатын  Anopheles  тобына  жататын  масалар   арқылы  тарайды  және  олар  басқа  адамды  шағып, оның  қанына  безгек  инфекциясын  түсіреді.

Безгек  белгілері:

Безгек  қалтыраудан  басталады  және  бас  жиі  ауырады. Науқас  15  минуттан  1  сағатқа  дейін  қалтырайды. Қалтырау  ыстықтың  көтерілуіне  жалғасып, ол  40t-қа  дейін  және  одан  дажоғары  көтеріледі. Адам  әлсірейді,терісі  қызарады,сандырақтайды. Ыстық  бірнеше  сағат  немесе  күн  бойы  сақталады. Әдетте  адамда  безгек  кезінде  әр  2-3  күн  сайын  қызу  болады  (безгектің  түріне  қарай),ал  ұстама  басталатын  кезінде  қызу  күн  сайын  қайталайды. Ыстықтың  түсуі  мен  көтерілуі  өзгеріп  түрады. Сондықтан  себепсіз  ыстығы  көтерілген  әрбір  адам  қанын  безгекке  тексерту  керек.

Безгек  ошағы-безгек  жағдай  анықталған  елді  мекен  және  анофелогендік  су  айдынының  3-5  ем  радиустағы  оның  айналасындағы  аймақ. Безгекке  қарсы  шаралар:

  1. Медициналық ұйымдарда безгекпен  ауырғандарды  уақытылы  анықтау, диагностикалау, емдеу  және   ауырған  адамдарды  диспансерлік  бақлау.
  2. Сұрақ қою және  қан  алу  жолымен  қан  алу  жолымен  клиникалық-эпидемиологиялық  айғақтар  бойынша  безгекпен  ауырғандарды  және  таратушыларды  анықтау.

-Безгек  бойынша  қолайсыз  елдерден  келген  адамдарды  (диагнозына  қарамастан  3  күн  бойы  қызуы  көтерілгенде, денсесі  қалтырау, герпес  шыққанда, гепатоспленомегалия  және  этилогиясы  белгісіз  анемия  кездеседі.

-Қан  кұйғаннан  кейін  2-ай  бойы  қызуы  көтерілген  адамдарды.

-Донорларды  қан  тапсырар  алдында.

-Безгекпен  ауырған  адамдарды  кез  келген  аурумен  ауырып, қызуы  көтерілгенде.

Алдын  алу:

Безгек  ыстық  жаңбырлы  маусымдарда  жиі  болады. Бірақ  күш-жігер  жұсап, оны  болдырмауға  болады. Барлық  алдын  алу  шаралары  жедел  іске  асырылуға  тиіс.

-Өзіңізді  шыбын-шіркей, масадан  аулақ  ұстаныз. Олар  жоқ  жерге  немесе  масаханада  үйықтаңыз. Баланың  бесігін  маса  кірмеу  үшін  жұқа  матамен  жауып  қою  керек.

-Безгектен  сезіктенсеңіз  жедел  емдеуге  кірісіңіз. Сіз  емделіп  сауыққаннан  кейін  сізді  шаққан  шіркей  басқаға  ауруды  таратпайды.

 

Марина  Мұхамбетқалиева

Аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау  басқармасының  жетекші  маманы