2.11.2021, 10:16
Қараулар: 45

В вирустық гепатиті туралы нені білу керек

В вирустық гепатиті – вирустық инфекция, ол бауырдың қатты зақымдануымен, улануымен ауыр сипатталады.

В гепатиті көбінесе 20-49 жастағы ересек тұрғындар арасында кездеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сырқаттанушылықты балаларды жас кезінде жоспарлы түрде вакцинациялау есебіннен азайту мүмкін болды. Вакцина ұлттық күнтізбеге сәйкес бала өмірінің 1-4 күні, 2 және 4 айларында жасалады. Иммунитет екпе жасалғандардың 98% — да қалыптасады.

ВГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам және созылмалы тасымалдаушылар болып табылады.

Берілу жолдары: Табиғи және жасанды.
Жасанды жолдар: теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж).
Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы.

Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі:
тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. Ауру белгілері: Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Іш қату немесе іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады.

Ш.Х.Махсотова 

Казталов аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы