21.10.2021, 11:07
Қараулар: 49
“ҚАУІПСІЗ ӨМІР” ЖОБАСЫ

“ҚАУІПСІЗ ӨМІР” ЖОБАСЫ

 

Қызыл Жарты Ай волонтерлері Павлодар облысында дала жаттығуларын өткізеді.

«Қауіпсіз өмір» жобасы аясында 2021 жылдың қазан және қараша айларында Павлодар облысының Қызыл Жарты Ай волонтерлері облыстың 10 ауданы мен 3 қаласында төтенше жағдайларды ликвидациялау және апат қаупін азайту бойынша іс-шараларды іске асырады. Волонтерлер тұрғындармен ықтимал қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізеді, аумақтардың қауіп-қатер карталарын жасайды, төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың рөлі мен орнын анықтайды. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасының гранттық қаржыландыру есебінен іске асырылады.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы гуманитарлық салада мемлекетке көмекші ұйым бола отырып, мемлекеттік қызметтерге халық арасында апат қаупін азайтуға жәрдемдеседі.

Қызыл Жарты Ай волонтерлері төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетеді. Мұндай қызмет Павлодар облысында өзекті болып табылады, өйткені бұл аймақ табиғи және техногенді сипаттағы түрлі ТЖ-ларға душар Оларға су тасқыны, қар жауу, қарлы боран, қатты аяз және көктайғақ, орман және дала өрттері жатады. Күзгі және қысқы уақытта көктайғақ автомобиль апаттарының көбеюіне, адамдардың жарақат алуына және өліміне жиі себеп болады.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы Павлодар филиалының директоры Гүлнар Исақанова атап өткендей«Волонтерлік  ТЖ-ға дайындық пен оның салдарын жоюдың тиімді құралы. Біздің ұйым ортақ іске өз үлесін қосуда. Біз жоба бірнеше тарап үшін оң әсерін тигізеді деп жоспарлап отырмыз: жастар үшін  пайдалы дағдылар мен білім алу; мемлекеттік органдар үшін – волонтерлік ұйымдар туралы ақпараттандыруды арттыру және халықпен жұмыс істеу кезінде волонтерлердің әлеуетін пайдалану; халық үшін бірінші қажеттілік заттарын және алғашқы көмек көрсету қызметтерін алу».

Волонтерлер төтенше жағдайларға дайындықтан басқа Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімімен және Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп қалалық іс-шараларға белсенді қатысуда және зардап шеккендерге медициналық құтқару қызметтері келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуде. Мысалы, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Павлодар облысының ТЖД-мен бірлесіп волонтерлер «Судағы қауіпсіздік» атты профилактикалық рейдтеріне қатысты. Қазан айында жалпықалалық жәрмеңкеде тұрғындарды әлеуметтік қашықтық пен маскарежимін сақтау туралы хабардар етті және бұқаралық қоғамдық іс-шараларға, (тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған веложарыс, «Мейірімділік күні» қалалық акциясы, ағаш отырғызу бойынша «Даңқ аллеясы» акциясы) қатысыпалғашқы көмек пунктін ұйымдастырды.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы әлемдегі ең ірі гуманитарлық Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының бір бөлігі болып табылады, оның міндеті  адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, әсіресе қарулы қақтығыстар мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде адамдарға деген құрмет пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.