15.09.2021, 16:25
Қараулар: 29
Ауруханаішілік жұқпаның алдын алу

Ауруханаішілік жұқпаның алдын алу

Ауруханаішілік  жұқпа (АІЖ) – сырқат симптомдары ауруханада болған уақытта, не одан соң болған жағдайға қарамастан, науқастың емделуге баруынан пайда болған жұқпа.  Жұқпаның таралуы дамыған елдердің аурухана науқастары ара­сында да 5 пайыздан асып отыр. Аталған жұқпаны зарарсыздандыру алдын алудың ең негізгі бағыты саналады. Медицина қызметкер­лерінің мақсаты – қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою.

Ауруханаішілік жұқпаның пайда болуы үш түрге бөлінеді: біріншісі –    емделушінің жұқпаны емханалық көмек алу кезінде жұқтыруы, екіншісі – пациенттің стационарлық көмек алу барысында жұқтыруы,  үшіншісі – медицина қызметкерлері меди­циналық көмек беру сәтінде жұқ­тыруы. Бұл жұқпаның көзі сапасыз медициналық қызметтен, медициналық құрал-жаб­дығының тиісті дәрежеде залалсыз­дандырылмауынан,  емделуші мен ме­дицина қызметкерінің ара­қатынасы­нан анықталмаған бактерио­тасы­малдаушылықтан пайда болады. Бұған жұқпалы аурумен сырқаттан­ған медицина қызметкері де, аурудың жасырын түрімен сырқаттанатын емделуші де себеп болуы мүмкін.

Ауруханаішілік жұқпаның экзогенді (ағзаға жұқ­паның қоршаған ортадан жұғуы), эндогенді (жұқпаның ағза ішінде таралуы) мен ауа тамшысы  арқылы таралатын (жұқпаның ағзаға зақым­далған ауамен жетуі) түрлері мәлім.  Сондай-ақ, бұл жұқпа импланта­циялық (залалсыздандырылмаған протез­ден не тігіс материалынан жұғатын), трансмиссивті (жәндіктің тістеуінен), алиментарлы (сапасыз тағам ішуден) және гематогенді (қан ағысы арқылы) жолмен жұғатыны анықталған. Жұқпаның алдын алу нәтиже беру үшін жұмысқа келуші­лерді жіті тексеріп, емдеу бөліміне өтетін медицина қызметкерлерінің стационарлық бағытын бақылау қажет. Тәртіп медицина қызметкер­лерінің қолын жуып, тазалануынан басталады.

Ауруханаішілік жұқпаның пайда болуының объективті және субъективті себебі бар. Бірінші себеп заман талабына сай келмейтін ауру­ханадан, көптеген микроорганизмнің антибиотикке төзім­ділігінен, антибио­тиктердің медицинада, ауыл шаруа­шылығы мен мал шаруа­шылығында кең қолданыл­уының сенімді ақта­мауы­нан туындайды. Ал, медицина қызметкерлерінің жет­кіліксіз (сапа­сыз)  дайындығы субъек­тивті себепке жатады. Мұны жоюға болады.

Ауруханаішілік жұқпаның өсуі мен таралу себебі көп. Соның топ басында «ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар кон­тин­генті» деп аталатын ағзасының қар­сылық күші төмендеген адамдар саны­ның көбеюі тұр. Олар – дам­уында кемістігі бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағ­дайында туылған, босану кезінде жарақат­танған балалар, қарт адам­дар, ком­пенсация және субкомпен­сация са­ты­сында созылмалы ауруы бар нау­қастар, иммундық тапшылық туды­ратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауы­ратындар, әскери әрекет пен  апат салдарынан зардап шеккендер, т.б. Аурухана­іші­лік жұқпаны ауру адам мен меди­цина қызметкері стацио­нарда не емханада емдеу кезінде, сондай-ақ, диагнос­тикалық проце­дура мен ал­дын алу шарасын жүргізу кезінде жұқтыруы мүмкін.  Бұл – адамдар­дың ауруханада болған уақы­тында не сырқаттың кейінірек білі­нетініне байланысты емес ауру.

Ауруханаішілік жұқпаның алдын алу, инфекция көзін анықтауға, аурухана ішілік ортаның ластануының алдын алу, әр түрлі жолдармен қоздырғыштардың берілуінің алдын алуға, қоздырғыштарды жоюға және ауру адам ағзасының резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені болып саналады

 

 Бағдат Әлібекова

Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы