31.07.2021, 15:31
Қараулар: 103
ТҮРКИЯ САПАРЫНАН ЕСТЕЛІК

ТҮРКИЯ САПАРЫНАН ЕСТЕЛІК

Ескі қала Сидені көрген де арманда, көрмеген де арманда…

Тауды да, теңізді де беріп туристерге барынша демалуға қолайлы мүмкіндік берген Анталья қаласының айналасында, түріктердің тарихымен танысқысы келгендерге ескі қалалар да көп. Солардың бірі Сиде қаласы.
Антальядан 80 км қашықтықта жатқан Сиде талай туристердің сүйікті қаласы екені байқалады. Ескі қала орнына бой көтерген құрылыста ескі қалаға деген құрмет айқын көрінді. Ескі қаланың құрылыстарын әйнек астынан асфальтты жағалап тамашалап келе жатып, дәл сол асфальт жиегіндегі заманауи дүңгіршектерден қалаған жәдігеріңізді, керек жарақтарды сатып ала беруге болады. Яғни ескі тарихы мен бүгінгі тұрмыс тіршілігі қатар өрбіп жатыр.  Ескі қалаларына таңырқап келе жатып, жағалауына шомылып, көшелерінде сауда-саттық жасай отырып, ескі қала жұрнақтарымен суретке түсу мүмкіндігі де қарастырылған.
Афины мен Аполла қамалдарына тұрғындардың қаланың бойтұмары, қорғанышы ретінде қарауы, туристерді одан әрі еліктіреді.
Жер сілкінісінен қирап қалған құрылыс қирандыларына шейін сақтап, қоршап қойған. Бір шеті теңізбен жалғасқан түріктердің ежелгі тарихы мен бүгінгі тұрмыс тіршілігі айқын байқалатын Сиде қаласы кез келген туристің көңілінен шығары сөзсіз. Сиде қаласынан шыға бере Аспендустағы амфитеатрға табан тіредік. Бір сәтте 20 мың адам сыйып кететін бұл амфитеатр көлемі жағынан Эфес қаласындағы амфитеатрдан кейінгі екінші орында. Екі мың жылдан бері сақталып тұрған амфитеатр әлі күнге керемет сақталған.
Жолбастаушымыз Веркан бейдің айтуынша 2000 жылдық тарихы бар амфитеатрды әлі күнге фестивальдарда пайдаланатыны таң қалдырды. Тас қамалдардан тұрғызылған ең ірі амфитеатр әлі талай ғасыр қызмет ететін түрі бар. Ең сүйсіндіргені де сол!

Антальяға келсеңіз The Land of Legends орталығына міндетті түрде соғыңыз…

Туризмнен жылына 60 млрд табыс табатын Түркия елінің бұл жетістікпен тоқтап қалғысы келмейтіні анық байқалады. Өйткені теңіз, жағалау, пальма мен қонақ үйлердегі керемет қызмет көрсету сапасынан бөлек архитектурасы ерекше, өткен ғасырдан сыр шертетін ескі қалалары да, заманауи танымыңды арттыратын демалыс орындары жетерлік екен. Солардың бірі The Land of Legends орталығы. Бір шеті балалармен қосы ересектерді де зеріктірмейтін саябақ болса, екінші бөлігінде әлемнің брендтерінің түйіскен жері ірі сауда орталықтары орналасқан.

Орасан үлкен аумақты алып жатқан The Land of Legends орталығына бір кірген адам бір күнін арнайтындай көретін кереметтері өте көп. Антальяның Белек ауданында салынып, пайдалануға берілгеніне үш жылдан асқан The Land of Legends орталығына келушілердің де қатары өте көп. Соған қарамастан санитарлық, дизенфекциялық жұмыстар өте керемет сақталған.
Парктың бір бөлігі түрлі әлемдік брендті киімдер дүкеніне, қонақ үй мен мейрамханаларға арналса, қалған бөлігі балаларға арналған ірі шоу бағдарламасы бар, аттракционды орталыққа арналған. Ертегі әлеміне енгендей әсер беретін бұл орталықты тек көзбен көру керек. Екі мың жыл бұрын сәулетті қала тұрғыза білген түрік ұрпағының бүгінгі күні одан кем құрылыс салуға тиіс емес екенін еріксіз мойындайсың…

Face of face мұражайы мен Океанариум да Антальяның бір мақтанышы

Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен, GoTurkiye туризмді дамыту және ілгерілету агенттігінің ұйымдастыруымен Анталья қаласында журналистер мен блоггерлердің басын қосқан бес күндік саяхатымыздың бір күні Анталья окенариум орталығымен басталды. Негізгі бағдарламада көрсетілмесе де окенариум орталығының жанында орналасқан мүсіндер мұражайына да кірудің сәті түсті.

Талай туристердің сүйікті мекеніне айналған Анталья қаласындағы заманауи мекендердің бірі осы орталықтар екен. Басында Face of face мұражайына баратынымыз айтылмаса да барынша мақтаныштарын көрсетіп қалуға тырысқан ұйымдастырушыларымыз мүсіндер мұражайына да кіргізді. Бұл жерде гидіміз Беркан бейдің еңбегі атап өтерліктей. Біздің қызығушылығымызға сай уақыттың тыңыздығына қарамастан бәрін көрсетіп қалуға барынша тырысты. Әлемдегі мықты тұлғалардың мүсіндері Face of face мұражайынан орын теуіпті. Сурет салып қазір ғана дамылдап демалғандай әсер беретін Пикассо, беріле ән шырқап тұрған Майкл Джексон секілді тұлғаларға әні міне жан бітіп кетердей сезім сыйлайтын бұл мұражайдан да алған әсеріміз шексіз болды. Океанаримуда балықтың үш мыңнан астам түрі бар екен. Жерорта теңізінің түбінде орналасқан елдің балықтар мен олардың тіршілігіне қатысты да көрсетері көп екен…
Сондықтан теңізден дамылдаған бір сәтте аталмыш орындарға барып, жақсыны көрмекке деп маңдай тіреуге тұрарлықтай мекен екен.

Антальяның тағы бір мақтанышы Дуден сарқырамасы. Антальяның орталығында орналасқан. Теңізге құйылып жатқан сарқыраманың ғажайып көрінісіне арнайы келіп суретке түсіп жатқан туристер көп ақ. Парктың шетін ала орналасқан сарқыраманың айналасында демалыс орындары көп ақ.

Ескі Перге қаласы туристерді таң қалдырмай қоймайды…
Анталья қаласынан жарты ақ сағаттық жерде орналасқан Перге қаласы тарих сүйер туристер үшін керемет таптырмас мекен. Екі мың жылдан астам тарихы мен жер сілкіністеріне қарамастан Перге қаласы керемет сақталған. Архитектурасы мен қаланың орналасуына қарап кезінде асықпай, ойластырылып салынған қала екені байқалады.
Базары, сауда орталықтары жақсы дамыған қалада алып сату, айырбас керемет дамыған екен. Кезінде 25 мыңдай адам өмір сүрген, ұзақ жылдар қалаға жау тиіспеуінің нәтижесінде қала халқы өте ауқатты тұрған деседі.

Жолбастаушымыз Беркан мырзаның айтуынша “қаланың төрт қақпасында төрт күзетші үнемі ауысып тұрып қаланың тыныштығын күзеткен. Сол кезеңдегі сауда жақсы дамыған қалада, монша мен амфитеатр да болған.

Сол кезеңнің өзінде санитарлық сақтық шараларына аса қатты мән беріліп, қалаға келген қонақтар алдымен қаланың кіре берісіндегі моншаға түсіріліп, сосын барып қалаға кіргізілген екен. Ал таудан аққан Ақсу өзені қаланың орталығын қақ жарып өтіп, моншаға бағытталған”. Жолбастаушымыздың қолындағы тарихи кітапқа қарап ақ ескі қаланың сән салтанаты келіскен қала болғанын бағамдадық. Қаланың архитектурасы, коммуналдық қызметі, банясы, сауда орталықтарының орналасуында, ойластырылуында үйлесімділік байқалады. Құрылыс салуды меңгерген, ұсталары өте бай болған қаланың әлі күнге сақталып тұруына қарап ақ сол кездің өзінде құрылыс жұмыстарына аса қатты мән берілгенін аңғаруға болады. Тұтастай қала аспанасты мұражайына айналып, келушілерге керемет әсер сыйлайды.

Перге қаласының амфитеатрының да әлі күнге сақталып, туристерді тартатын бір орын ретінде қызмет көрсетіп келе жатқанына куә болдық