12.07.2021, 15:50
Қараулар: 130
«Сот кабинеті» сервисі ең тиімді, әрі ең қолайлы

«Сот кабинеті» сервисі ең тиімді, әрі ең қолайлы

«Сот кабинеті» сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режиміне «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар.

Сот кабинетіне кіру үшін, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет. Пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін Талап арызды (өтінішті) беру қызметін таңдайды. Талап арыз беру жіберу үшін мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

— алдымен ҚР –ның облысы, талап арыз берілетін сот;

— талап арыз түрі (талап қою, ерекше іс жүргізу, ерекше талап қою), оның ішінде талап қою, арыз беру санаты таңдалады;

— пайдаланушы талапкер туралы деректерді және жеке және заңды тұлға болып табылатын жауапкер туралы деректерді толтырады. Егер бірнеше адам талапкер немесе жауапкер болса, олардың әрқайсысы туралы деректер көрсетіледі;

— 108126 кодын теру арқылы мемлекеттік баж туралы дерек көрсетіледі. Мемлекеттік баж екінші деңгейдігі банктер арқылы, электрондық терминалдар, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы төленген жағдайда пайдаланушы құжаттарды беру жүйесіне мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесін жүктейді. Ал егер Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 616-бабында көрсетілген тұлғалар қатарынан болып, мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда, төлемеу деген жолға белгі қойылады;

— одан соң талап арыз тақырыбы терезесіне қысқаша талап арыз мазмұны жазылады.;

— талап арызды және оған қоса жалғанған құжаттарды жүктеу қызметіне өткен соң, пайдаланушы тиісті файлдарды жүктейді. Жүктеген әрбір файлының көлемі 10МВ-тан аспауы қажет. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайданушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректерді дұрыстығын тексереді.

— ең соңғы қадам – пайдаланушының өтініш электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталып куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі. Электрондық құжаттың жолданғандығы-жөнелту туралы талонның толтырылуымен расталады.

Осылайша жылдам әрі оңай өз талабыңыз бен жүгінулеріңізді үйден алыстамай-ақ сотқа жолдауыңызға болады. Бұл Сіздің уақытыңызбен қатар қаржыңызды да үнемдейді.

Руслан Қаженов

Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі