29.04.2021, 12:17
Қараулар: 181
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

Казталов аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес қызмет көрсетеді.

 

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: www.egov.kz (бұдан әрі – веб портал) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы веб портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің жалпы мерзімі он жұмыс күнін құрайды.

 

Казталов аудандық басқармасы бойынша 2021 жылдың 3 ай қорытындысымен 13 (12 жоба, 1 нысан) мемлекеттік қызмет көрсетіліп, барлығы «Е — лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілді. Белгілі бір мемлекеттік қызметті жүзеге асыру мемлекеттік органмен нормативтік актілерде көрсетілген мерзімдерде орындалуда.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Казталов ауданы, Имашева көшесі, 19 үй. Байланыс телефоны: 8711-44-32-0-54