25.04.2021, 12:07
Қараулар: 234
Республикалық «Киелі табиғат» экологиялық акциясы басталды

Республикалық «Киелі табиғат» экологиялық акциясы басталды

Ағымдағы жылдың 24-сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық «Киелі табиғат» экологиялық акциясы бастау алды. Бұл елімізді көгалдандыруға, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағыттылған жоба.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, экобелсенділер, жастар ұйымдарының белсенділері, Жастар ресурстық орталығының және жастар ісі жөніндегі комитет өкілдері қатысты.

Елордадағы ботаникалық бақ. «Экологиялық акцияның ресми ашылуы осында өтті және бұл бірер сағат не бірер күн болатын шара емес, бір ай бойы жалғасатын жоба», — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева.

Бұл акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген ағаш отырғызылды. Саябақтар мен көшелер абаттандырылды. Енді осы жоба аясында өзен жағалары мен орман іші тазаланып, қоршаған ортаны сақтауға қатысты бірқатар шара ұйымдастырылмақ.

Акция аясында түсіндірме жұмыстарына да ерекше екпін берілмек. Әсіресе, экология мәселесіне арналған семинарлар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Экологиялық жобаның негізгі бөлігі бір ай көлемінде өтеді. Оның нәтижесі 25 мамырда жарияланады. Ал, оның барысымен әлеуметтік желідегі «Киелі табиғат» деп аталатын парақшалардан танысуға болады.

Айтолқын Елдосова

Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы.

«Әл- Фараби атындағы мектеп- гимназия» КММ

11-сынып.