28.04.2021, 16:23
Қараулар: 155
Темiр тапшылығы жай-күйiнiң профилактикасы

Темiр тапшылығы жай-күйiнiң профилактикасы

«Темiр тапшылығы жай-күйiнiң профилактикасы» қазіргі денсаулық сақтау саласында маңызды мәселелердің ішінде алдыңғы орынды алады:

Темiр тапшылығы анемиясы — организмге тамақ өнiмдерi құрамында темiрдiң жеткiлiксiз түсуiне және онда жеткiлiксiз қорытылуына, асқазан-iшек жолдарының, несеп-жыныс жүйесiнiң және қан жүйесiнiң кейбiр созылмалы аурулары кезiнде темiрдi жоғалтудың көбеюiне, темiрге деген қажеттiлiктiң артуына байланысты болатын организмнiң патологиялық процесi.

Темiр тапшылығы жай-күйiнiң профилактикасы жөнiндегi iс-шаралар:

Мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге, өткiзуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершiлiгi;  халықтың нысаналы топтарын құрамында темiр бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету; темiр тапшылығы анемиясынан зардап шегетiн адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткiзуi;ұнды және өзге де тамақ өнiмдерiн құрамында темiр бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) принциптерiмен жүзеге асырылады.

Сатылатын жоғары және бiрiншi сортты бидай ұны мiндеттi түрде құрамында темiр бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады.

«Тағам тасымалдаушыны», яғни байытуға арналған жиі қолданатын тағам өнімін немесе тағамдық шикі материалды, теміртапшылық анемиясы жағдайында – темір құрылымдарымен байытудың көзін дәл таңдау өте маңызды. Қазақстандағы жиі қолданылатын тағам өнімдері — нан және бидай ұнынан дайындалатын өнімдер болып саналады.  Астық дақылдары бидай мен қара бидайдың өзі В1; В2; В6; Е витаминдерінің, сондай-ақ темір мен цинктің қайнар көзі болып саналады. Бірақ, бидайды ұнға айналдыру нан-бөлке, ұнды кондитерлік және бидай өнімдерін дайындауда ұнның басқа да технологиялық өңдеулері кезінде витаминдер мен минералдардың едәуір мөлшері жоғалады. Жоғары деңгейде тазартылған ұнда табиғи бидайдан өндірілген ұнмен салыстырғанда темір құрамы 4 есеге кемиді. Осылайша, бидай өңдеуінен болатын шығындардың орнын толтыру, сондай ақ дайын ұнды витаминдер және микроэлеменнтермен қосымша фортификациялау адам ағзасын қажетті заттектерімен толығымен қамтамасыз етуге әкелер еді. Темір құрылымдарымен бидай ұны сиыяқты тағами өнімді байыту Қазақстан халқының темірді қолдануын жақсарту жөніндегі ең тиімді, ұзақ мерзімді бағдарлама болып саналады.

Адамның күнделікті рационында нан ерекше орын алады. Мамандардың айтуынша, әлем халқы жыл сайын 400 млн. тоннадан артық ұн пайдаланады. Бидай мен қара бидай –B1, B2, B6, E дәрумендерімен ниацин, темір, мырыштың көзі. Бидай ұнының бірінші және жоғары сұрыптарын нәрлендіру үшін халықаралық нормалар мен тәжірибе негізінде дәрумен-минерал премикс құрамын әзірлеген болатын. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны  арттырады, бірақ ұнның органолептикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды.Фортификацияланған ұнның алты айға тең жеткілікті сақтау мерзімі бар.