19.04.2021, 15:45
Қараулар: 207
БПҰ есеп беру жиналысы

БПҰ есеп беру жиналысы

Бүгін 19 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының «Тереңкөл» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды.
1. Бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп беру.
2. Бастауыш партия ұйымының төрағасы мен Бюро құрамын сайлау.
3. Партияның аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайлау.
«Тереңкөл» БПҰ-ның төрағасы болып, Тереңкөл ауылдық округі әкімі Сабыржан Ищанов сайланды. Сондай-ақ ашық дауыс беру тәсілі арқылы бюро құрамы мен аумақтық филиал конференциясының делегаттары сайланды.
Жаңа сайланған төраға Бастауыш партия ұйымының алда тұрған міндеттеріне тоқталып өтті.
Қортындылай келе, Бастауыш партия ұйымының мүшелері Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы жолында аянбай еңбек етіп және еліміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосатындығын жария етті.