19.04.2021, 15:41
Қараулар: 221
«Қараоба» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы хақында

«Қараоба» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы хақында

2021 жылдың19 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының «Қараоба» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті.
Күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:
1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
2. Бастауыш партия ұйымының төрағасымен орынбасарын, бюросын сайлау туралы;
3. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау;
Қараоба БПҰ-ның төрағасының орынбасары М. Мырзагалиев өз баяндамасында — жалпы Қараоба бастауыш партия ұйымында 72 партия мүшесі бар. Осы партия тұғырнамасында көрсетілген 6 партиялық жоба бойынша біркелкі жұмыстар атқарылуда, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Жастар-Отанға», «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларының атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті.