21.04.2021, 18:41
Қараулар: 243
«Қараөзен» БПҰ Есеп беру-сайлау жиналысы өтті

«Қараөзен» БПҰ Есеп беру-сайлау жиналысы өтті

20 сәуір 2021 жылы Қараөзен ауылдық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы «Қараөзен» бастауыш партия ұйымының Есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
1.2019-2020 жылдардағы партия жұмысының есебі
2.Бастауыш партия ұйымының төрағасы мен бюро мүшелерін сайлау.
3.Аудандық конференцияға делегат сайлау.
Күн тәртібіндегі мәселе талқыланып, округ бойынша «Қараөзен» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Қабдолұлы Бауыржан сайланды. Жиынға қатысушылар Аудандық конференцияға ұсынылған делегаттарды бірауыздан қолдады.