20.04.2021, 14:35
Қараулар: 195
Есеп беру-сайлау жиналыстары өтті

Есеп беру-сайлау жиналыстары өтті

Бүгін 20 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының «Талдықұдық» және «Талдыапан» бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн және онлайн форматында өтті. Онлайн өткен жиналысқа «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, саяси кеңес мүшесі Ерболат Бекмулдин қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
2. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.
БПҰ төрағалары Партиялық жобалар аясында атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті. «Талдықұдық» БПҰ төрағалығына Ақжол Қазиоллин. «Талдыапан» БПҰ төрағалығына Мұрат Рахметуллин сайланды.