21.04.2021, 18:35
Қараулар: 209
«Жаңажол» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы

«Жаңажол» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы

21 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының «Жаңажол» бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті.
Өткен жиналысқа «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық саяси кеңес мүшесі Ғилым Едекешев қатысты.
Күн тәртібіндегі БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сонымен қатар партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер болды.
БПҰ төрағасы Партиялық жобалар аясында атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті. «Жаңажол» БПҰ төрағалығына Қайыржан Өмірәлиев сайланды.