7.04.2021, 14:08
Қараулар: 175
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУІМІЗ КЕРЕК

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУІМІЗ КЕРЕК

7 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөнінде жиын өткізілді. Жиын «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің төрағалығымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Гүлдана Даулетова және мүшелері, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Жиынның күн тәртібінде ауданымыздың құқық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі мен өзге де қоғамдық мәселелер қаралды. Ерболат Мұратқалиұлы жиынға қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі партияның 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен қатар, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды таныстырды. Ал Казталов аудандық полиция бөлімінің бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Бағдат Даулетов БҚО ПД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының жоспарын жүзеге асыру барысында Казталов ауданының полиция бөлімінің 2021 жылғы І тоқсан ішіндегі атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының жоспарына сай, қазіргі уақытқа дейін арнайы контингентті ұстау, заңдылықты бұзу деректерімен тиым салынған байланыстарды анықтау мақсатында жүргізілген күтпеген тексерулер кезінде заңдылықты бұзу деректері анықталған жоқ. Ішкі істер органдарындағы сыйбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар аталған бағдарламаның орындалу жоспарына сәйкес Казталов ауданының полиция бөлімінің жеке құрамдарының жедел кеңестерінде қаралынып, талдау жасалуда. «Ақжайық – Адалдық алаңы» жобасы аясында Казталов АПб-нің учаскелік полиция пунктерінде бөлім басшыларының жеке деректері көрсетілген стендтар ілініп тұр. Сонымен қатар, 2021 жылдың 25 наурызында «ZOOM» платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет Саметтің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында тренинг семинар өткізілді, — деді полиция майоры.
Жиын барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы материалдық базасы бойынша да есеп берілді. Осы мақсатта қызметкерлер 5 бейнетіркегіш құралы, планшеттерді жұмыс барысында пайдаланып жүр. Сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтар тізімі де жасақталып, сұраныс берілген. Партия өкілдері бұл мәселені бақылауға алатындықтарын атап өтті. Жиын соңында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сәрсенбай Меңдіжанұлы Президенттің бастамалары мен сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдарына тоқталса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Гүлдана Хамитқызы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің заң өкілі ретінде заңды түрде қызмет етуді күшейтіп отыруы керектігін ескертті.
Асылбек НӘСІПҚАЛИ