15.04.2021, 15:06
Қараулар: 185
САЯСИ КЕҢЕСТІҢ БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САЯСИ КЕҢЕСТІҢ БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының саяси кеңесінің бюро отырысы өтті. Саяси кеңес отырысының күн тәртібінде БПҰ есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестелерін бекітіп және «Nur Otan» партиясының Казталов аумақтық филиалының кезекті ХХХІІ есептік-сайлау конференциясын шақыру туралы және «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселеге сәйкес «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің хабарламасы тыңдалып, қаулы шығарылды. Бюро шешіміне сәйкес БПҰ есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестелері және партияның аумақтық филиалдарының есептік-сайлау конференцияларын өткізу кестелері бекітіліп, кезекті ХХХІІ конференцияны өткізу сәуір айының 28-не жоспарланды. Ал отырыста қаралған келесі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары бекітілді. Саяси кеңес мүшелері 8 комиссия мен қоғамдық кеңеске мына азаматтарды төрағалық етуге лайық деп тапты. Олар: «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы – Сәрсенбай Молдашев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрайымы Гүлдана Даулетова, Аумақтық даму комиссиясының төрағасы – Абылайхан Шакуов, Жастарды қолдау мәселесі бойынша қоғамдық кеңес төрағасы — Қуаныш Ермеков, Экология мәселесі бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы – Қайрат Жақыпов, Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы – Рауан Есенғалиев, Білім және денсаулық мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы – Салтанат Өтеғұлова, Әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы – Асыл Кенжеғалиева. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин бекітілген комиссия және қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері партияның аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалайтындығын атап өтті.
Бюро отырысында қаралған қос мәселе бойынша қаулы жобасы таныстырылып, бекітілді.
Асылбек НӘСІПҚАЛИ