19.04.2021, 16:04
Қараулар: 202
НҰРОТАНДЫҚТАР ВАКЦИНА АЛДЫ

НҰРОТАНДЫҚТАР ВАКЦИНА АЛДЫ

19 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының ұжымы және Казталов аудандық мәслихатының хатшысы Сәрсенбай Молдашев «Спутник V» вакцинасының І компонентін салдырды. Вакцина алғаннан соң оларға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, вакцина алғаннан кейін де санитарлық талаптарды сақтау керектігі ескертілді. Қазіргі таңда ұжым мен мәслихат хатшысының жағдайы жақсы.
Өткен жылы «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин COVID-19 індетін жұқтырғандығы белгілі. Дегенмен вакцинаның індетке шалдыққандарға алуға болмайтындығына қарамастан, «індетті жеңіуге қосқан азаматтық үлесім» деп ерікті түрде вакцина алды. Сонымен қатар Ерболат Мұратқалиұлы бастаған ұжым да денсаулықтарының бірқалыпты екендігін айтып, өзге отандастарымызды вакцина алуға шақырды.
Асылбек НӘСІПҚАЛИ