21.04.2021, 18:02
Қараулар: 248
«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы

21 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Қазталов аудандық филиалы «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық стационарға азық-түлік пен сусындар апарып берді. Төрағаның бірінші орынбасары Е. Бекмулдин ақ халатты абзал жандарға жұмысына сәттілік тілеп, еліміздегі эпидемиялық жағдайды сіздерден артық білер жан жоқ. Қазір елімізде көрінбейтін жаумен күрес жүріп жатыр. Осы күресте халқымыздың денсаулығы үшін аямай еңбек етіп жатқан сіздерге халқымыз, аудан тұрғындары алғысын жолдауда, — деген тілегін жеткізді.