19.03.2021, 20:20
Қараулар: 358
Көкжөтел (коклюш)

Көкжөтел (коклюш)

Көкжөтел әсіресе жас нәрістелер үшін өте қауіпті. Ауру қоздырғыш-көкжөтел таяқшалары. Олар сыртқы ортаға өте төзімсіз келеді. Сонықтан олар жел шешек, қызылша қоздырғыштары сияқты ауа арқылы тарай алмайды. Сырқат баламен бірге, бір бөлмеде болған балаларға ауру тез жұғады. Балаларда көкжөтел 10 жасқа дейін ерекше дамиды.

Сонымен бірге, көкжөтел таяқшаларына қарым-қатынасы бойынша осалдық танытатын жас – адам өмірінің алғашқы 2-3 жасы. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Бұл сырқат кезінде көбіне жүйке жүйесі, тыныс жолдары зақымданады, жөтел ұстамалары байқалады.

Жұғу жолдары: Көкжөтелдің жұғу көзі-науқас адамдар. Олар әсіресе аурудың бастапқы кезінде өте жұқтырғыш келеді. Көкжөтелдің кез келген түрі басқа адамдар үшін өте қауіпті. Әсіресе ұстамасы қысып, қатты жөтелген кезде сақтанған жөн. Ойткені қақырық бөлшектері 3 метрге дейін ұшады. Егер көкжөтелге тұрақты өмірлік иммунитеті қалыптаспаған болса, бұл сыртқатпен кез келген жастағы адам ауруы мүмкін.

Клиникасы: Инкубациялық кезең 3 күннен 15 күнге дейін созылады (орта есеппен 5-8 күн). Ауру ағымы үш кезеңнен тұрады-катаральды, спазмалық жөтел кезеңі және босату кезеңі. Катаральді кезеңде құрғақ жөтел, кейде тұмау болады. Дене қызуы субфебрильді немесе қалыпты. Бұл кезеңнің ерекшелігі-тұрақты қатты жөтел. Емге қарамастан, жөтел үнемі күшейе береді, тіпті шектеулі ұстамаға соқтыруы мүмкін. Бұл кезең 3-14 күнге созылады. Спазмалық кезеңде жөтел ұстама сипатында болады. Ұстама кезінде қысқа жөтел арасында демді ішке тартқан сәтте ысқырық секілді дыбыс шығады. Ұстамадан кейін қою шырыш шығады, науқастың құсуы да мүнкін. Ұстама кезінде баланың беті қызарады, одан соң көгереді, мойындағы тамырлар ісініп, көздері қанталайды. Ырықсыз нәжіс не несеп бөлуі мүмкін. Тіл сыртқа шығып, көзден жас ағады. Босату кезеңінде жөтел ұстамасыз болады, 2-4 аптаға созылады. Аурудың орташа ұзақтығы 6 апта шамасында, бірақ одан да ұзақ болуы мүмкін. Көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін.

Алдын алу шаралары: Көкжөтелдің алдын алудың ең баты жолы-егу. Қәзір бұл мақсатта АКДС вакцинасы қолданылады. Ол балаға бірнеше кезеңмен егіледі. Инфекция көзін жою үшін көкжөтелмен ауырады деген күдігі бар науқасты тез арада оқшалау қажет.

 

Марина Мухамбеткалиева

Казталов аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылыу басқармасының жетекші маманы