18.03.2021, 19:00
Қараулар: 370
Абай бол, жүргізуші жаза қатаң   

Абай бол, жүргізуші жаза қатаң   

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сай  көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізген адамдардың жауапкершілігі күшейтілгені белгілі.  Қатаңдатылған заң аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Енді, негізгі жазадан бөлек, қылмыскерлер автокөлік басқару құқығынан өмір бойына айырылады, яғни тұңғыш рет заңнамаға көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын қолдану туралы норма енгізілді. Бұл өз кезегінде көлік құралын масаң күйде тізгіндеуге бейім азаматтардың жолын кесіп, осы тектес құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара болып табылады.           Казталов аудандық сотымен өткен жылы өткеннен сабақ алмай көлік жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан масаң күйде рөлге отырған 5 адамға қатысты сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, олар өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Алкогольмен, есірткі заттарымен масаю күйінде  көлік құралын басқару  жол жүру қозғалысына жоғарғы қауіптілік жағдайын төндіреді. көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізген адамдардың жауапкершілігі күшейтілгенін автожүргізушілерге тағы  ескерткен жөн.

«Өмір–Алланың адамға берген үлкен сыйы» деген, ол өмірді абайсызда болсын немесе қасақана қиюға ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан, әрбір көлік тізгінін қолына алған жүргізуші өзінің ғана емес, басқа да жол жүруге қатысушы адамдардың өміріне жауапты екенін терең ұғынып, көлік басқаруға ұқыптылықпен қарап, жол жүру ережелерін қатаң сақтауы қажет.

 

Руслан Қаженов 

Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі