18.03.2021, 16:00
Қараулар: 320
Мерекеде тамақтан уланып қалмайық!

Мерекеде тамақтан уланып қалмайық!

Наурыз мереке күндерінде тамақтан уланудың алдын-алу үшін аудандық  санитариялық эпидемиологиялық бақылау  басқармасы алда келе жатырған мерекелік демалыс күндері мынандай сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

Көбіне қоғамдық тамақтандыру және сауда нысандарында,алаңдарда мереке күндері  ,әртүрлі аспаздық өнімдерді және кремі бар кондитерлік өнімдерді көп мөлшерде сатуға тырысады. Осы күндері сақтау және сату мерзімі қысқа әртүрлі салаттар, ет және тағы басқа қоспалармен дайындалған ,тауық етінен жасалған тағамдар,үй жағдайында дайындалған тартылған ет қосылған құймақтар,пісірмелер,торттар мен бәліштер (пирог) дайындалып дүкен сөрелеріне қойылуы көп кездеседі . Белгіленбеген сауда орындарынаң адамдардан тамақ өнімдерін әсіресе үйде дайындалған тағамдарды сатып алу бұл ботулизм ауруға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы күндері үй жағдайында дайындалған аспаздық өнімдерді пайдаланғанда өте мұқият болғандарыңыз абзал. Егер де дайын өнімдер болса тағам өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттарысыз, сондай-ақ оларды сақтау мен сату жағдайларына назар аударуды сұраймыз. Мерекелік кешке тағамдар дайындау кезінде оларды сақтау және пайдалану мерзіміне назар аударыңыздар, шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеңіздер. Егер сапасына күдігіңіз болса тамақтанбауға тырысыңыздар.Әсіресе,өткен мерекелік кештен қалған тағам өнімдерін пайдаланбау керек. Жеке бас гигиенасы қағидаларын және тазалықты сақтаңыздар.Мереке кезінде келесі демалыс күндеріне арнап молынан тағам өнімдерін дайындап қоймаңыздар.Ертерек дайындалған құс етіне және жұмыртқа,майонез,қаймақ қосылған салаттар,кремі бар торттар мен бәліштер барынша үлкен қауіп төндіреді.Дүмбіл және жартылай шикі еттен, құстан , жұмыртқадан дайындалған өнімдер бактериямен ластану қаупін тұғызады, соңдықтан міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізіп,тұтыныңыз. Көбіне азықтар қаптамаларда және пластикалық қораптарда сатылады. Сақтау мерзімі мен шарты жазылған затбелгісін мұқият оқыңыз.

Сүт өнімдері, жұмыртқа, ет, балық және т.б. тағам өнімдерін бегіленбеген жерлердегі сауда орындарынан сатып алмаңыздар, бұндай өнімдер сіздің денсаулығыңызға қауіп төңдіруі мүмкін!

Барлық сатушылар мен тұтынушылар үшін үлкен өтініш ,егер наурыз мереке жарқын болуын тілесек,қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Салауатты өмір салтымыз сақтап жүрейік, ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде!

У.С.Кульбаракова 

Казталов аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының  жетекші маманы