18.03.2021, 15:55
Қараулар: 290
Тағамнан уланудың алдың алу

Тағамнан уланудың алдың алу

Тағамнан улану – тағам арқылы берілетін түрлі этиологиялы аурулар тобы болып табылады. Ол әртүрлі микроағзалар түрімен жаппай ластанған тағамды жегенде немесе құрамында улы бактериалды  заттары бар тағамдарды тұтынған жағдайда пайда болады. Тамақтың микробпен ластануы кез- келген жағдайда болуы мүмкін. Өйткені, тамақ тұтынушыларға жеткенге дейін оны өңдеу, тасымалдау,  сақтау және өткізу секілді сатылардан өтеді. Сапалы шикі тамақ сапасыз тамақпен өңделсе немесе бірге сақталса өте оңай ластанып, тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Әсіресе, піскен тамақ ластанса, микробтар өте тез көбейеді. Піскен тамақтар мен салаттарға сақ болып, оған ерекше назар аудару қажет. Тағамдардың дайындалуы, сақталуы мен тасымалдануына қойылатын санитариялық талаптардың дұрыс орындалмауы тікелей тағамнан улануға алып келеді. Тамақтан уланудың белгілері жүрек айну, құсу, іштің ауруы, бастың ауруы , кейде дене қызуының көтерілуі сапасыз өнімдерді қолданғаннан кейінгі  бірнеше сағаттан соң пайда болады. Аталып өтілетін шаралардың көбеюін ескере отырып, аудан тұрғындарының  арасында тағамнан алдын- алу  мақсатында аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы қызметі төмендегідей ұсыныстар береді:

-азық- түлік өнімдерін дайындау, сақтау , тасымалдау және сату жағдайлары бойынша талаптарды сақтау

-тамақтан уланудың қауіптілігін арттыратын тез бұзылатын тамақ  өнімдерін белгіленген мерзімге дейін пайдалану қажет

-тамақ өнімдерін кездейсоқ тұлғалардан сатып алмау

-сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау

-үй жағдайында консервіленген салаттарды, көкөністерді сатып алмау

-тез бұзылатын тағамдарды тек тоңазытқышта сақтау

-әр кезде тазалықты сақтау

Тағамнан уланудың алдын- алу шараларын қатаң сақтап, ауырмаудың  жолын іздеу өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді, өсіп-өнеді. Тамақтан улану жағдайы – тағамның дайындалуы, сақталуы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустармен немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитарлық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.

Дер кезінде дәрігерге қаралу аурудың қолайсыз аяқталу қаупін төмендететіндігін атап өту маңызды.  Есіңізде болсын, сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

У.Кульбаракова

Казталов аудандық  СЭББ-ның

 жетекші маманы