2.03.2021, 9:56
Қараулар: 327
ОБА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫ

ОБА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫ

Оба – қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, айқын интоксикация, терінің, өкпенің, лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, зоонозды табиғи-ошақты жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.

Этиологиясы: Қоздырғышы Yersinia pestis, 30-ға тарта антигендері бар (капсулалық антиген фагоцитоздан сақтайды). Vi және W антигендер мононуклеардың цитоплазмасындағы лизистен сақтап, сол арқылы клетка ішінде көбейе алады, эндотоксині бар, агрессия факторын өндіреді, сыртқы ортада тұрақты болады.

Эпидемиологиясы: Табиғи ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге жуық түрлері бар), оның ішінде негізгілері:

  • Саршұнақ
  • Суыр
  • Ауру адам (әсіресе өкпелік түрі)

 Берілу жолы:

трансмиссивті (кенелер арқылы)

қарым-қатынас – зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы

алиментарлы

ауа-тамшы –обаның өкпелік формасымен ауыратын науқас

ауа-шаң жолдары арқылы

Маусымдылығы: жаз немесе күз – қыс айлары.

Қабылдаушылығы: жоғары.

Иммунитеті: тұрақты.

Патогенезі. Қоздырғыштың ену жолдары:

  • Зақымдалған тері
  • Көздің шырышты қабаты
  • Тыныс алу жолдарының шырышты қабаты
  • Асқазан – ішек жолдарының шырышты қабаты

Берілу механизмі және қоздырғыштың ену жолдары обаның клиникалық формасын анықтайды.

Профилактикасы:

  1. Табиғи ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алу.
  2. Аурудың енуінің алдын алу.
  3. Табиғи ошақта өмір сүретін халық пен белгілі маман топтарын вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша).

Махсотова Шынар Халижановна

Казталов аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы