26.02.2021, 16:18
Қараулар: 333
Тараптар риза болып,   мемлекеттік баж қайтарылды

Тараптар риза болып,   мемлекеттік баж қайтарылды

Медиация – дауларды шешу тәсілі. Келісе алмаушылықты шешудің басқа нысандарымен ұқсастығы болғанымен, медиацияның бірнеше маңызды ерекшеліктері бар. Негізгісі – талқылау кезінде бейтарап үшінші тараптың болуы. Ол ешқандай шешім шығармайды, алайда қатысып, проблеманы зерделеп, дауласып жатқан тараптардың өздері шешім қабылдауына ықпал етеді. Медиация тәртібі – дауды шешудегі анық құрылымдық делдалдық процесс. Медиация мақсаты дауласып отырған тараптардың даушарды өз бетімен реттеу қабілеттеріне ықпал етіп, нәтижесінде өзара ризашылыққа келтіру.

Аудандық сотта ЖШС-нің қарыз шарттары бойынша 4 азаматтық іс қаралды. Тараптардан дауды судья-медиатордың қатысуымен шешуді сот талқылауы басталғанға дейін сұралды, оған соңғылар өзара дайын екендіктерін білдірді. Ұзақ келіссөздерден кейін адал ниеттіліктің принциптерін басшылыққа ала отырып, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасады. Жауапкерлер медиативтік келісімдердің талаптары бойынша ЖШС-не қарыз соммаларын өтейді. Өз кезегінде ЖШС-і қойылған талаптарынан бас тартады.

Талапкерлерге төленген мемлекеттік баждың сомасы қайтарылып, барлық істер өндірістен қысқартылды.

Руслан Қаженов

Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі