26.02.2021, 16:14
Қараулар: 357
Тіл мәртебесі ел мерейі

Тіл мәртебесі ел мерейі

Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс — берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүруі мүмкін емес, ал тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл — қоғамның жемісі.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» — делінген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты — оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші бөлігінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық көрсетілген, Ата Заңымыздан туындаған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз — тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру.

Қазіргі заман талабына сай қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқаны аян. Осындай оңтайлы көзқарастың бүгінгі таңдағы сот жүйесіне де өз ықпалын тигізгені айқын.

Соның нәтижесінде Казталов аудандық сотында ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру ұйымдастырылған.

Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Ендеше, мемлекеттік тілді қоғам өмірінде кеңінен қолдану туралы мәселенің бүтін бір саясатқа айналып, қолданысқа енуіне кері әсерін тигізіп отырған мән-жәйлары адам баласының өзіне келіп тіреледі.

Қолданыстағы заң талаптарына сай, арыз-шағымдар қай тілде келіп түссе, сот сол тілде сот өндірісін жүргізуге мәжбүр болмақ. Ендеше, мелекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру — уақыт талабы, ал, уақыт талабын орындау — баршамыздың абыройлы парызымыз.

 

Имангалиев Роман

                                         Казталов аудандық сотының бас маманы, аға сот приставы