22.12.2020, 10:22
Қараулар: 63
ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

14 желтоқсан күні Казталов ауылында заманауи үлгідегі «НЭФТЕК» жанар-жағармай бекеті ашылды. Бекеттің ерекшелігі – жолаушыға қажеттінің барлығы бар.

Бұл бекеттен сіз тек жанар-жағармай сатып алып қоймай, өзге де қызмет түрлерін тұтына аласыз. Жаңа жанар-жағармай бекетінің ішінде азық-түлік, автомайлар сөресінен бөлек душ пен әжетхана, намаз оқуға арналған бөлме жабдықталған.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Альберт Есалиев бекеттің жұмыс барысымен танысып, атаулы компания өкілдеріне ризашылығын білдіріп, «Neftek Operating» ЖШС директоры Асылбек Иманбайұлына аудан жұртшылығы атынан алғысхат табыс етті.

Шарада ауылымыздың 10 тұрғынына «Neftek Operating» ЖШС тарапынан жеңілдік картасы мен естелік сыйлықтар беріліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестірілді. Қазіргі таңда бекетте тоғыз адам жұмыспен қамтылған. Дегенмен алдағы уақытта жұмысшылар саны жиырмаға жетпек.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ