8.12.2020, 10:52
Қараулар: 433
Банктен банктің несі артық немесе Halyk Bank тұтынушыларына арналған ұтыстар мен мүмкіндіктер

Банктен банктің несі артық немесе Halyk Bank тұтынушыларына арналған ұтыстар мен мүмкіндіктер

Halyk Bank ұсынған пәтерлер ұтысының келесі жеңімпазы — Әлімжан Оразов Алматыдағы «Хан Тәңірі» Тұрғын  үй кешенінің бір бөлмелі пәтерінің   иесі атанды.

Жеңімпаз алғашында  «Жаңа пәтеріңізбен  құттықтаймыз» деген  хабарлама келгенде мән бермепті. Тіпті, банк қызметкерлері  хабарласып тікелей эфирге шығуын сұрағанда да  достардың әзілі болар деп сенбепті. Себебі, мұндай     ірі көлемдегі  ұтыстарды тек таныс-тамырлар ғана алады деген ойда  болған…

Әлімжан  көлігін жаңарту мақсатымен осы жылдың көктем айында   Шымкенттегі  Halyk Bank филиалына   қарызын қайта қаржыландыру үшін   рефинас жасауға барған. Менеджер  пәтер ұтысына   қатысуына мүмкіндігі бар екенін айтып, түсіндірген. Алайда, сол айтылған сол жерде-ұмыт болған. Пәтер ұтып алады екенмін деген ойыма келген емес дейді өзі.

Әлімжан Уразов  —  Шымкенттегі  № 95 орта мектепте  педагог — психолог болып  жұмыс істейді. Соңғы кезде  ұлының  денсаулығы сыр беріп, демікпесі  күшейіп  дәрігерлер таулы аймаққа  көшу туралы айтқан екен.  Мүмкін бұл пәтер, ұлымыздың несібесіне бұйырған сый  болар деп  қуанып отыр.  Өткен аптада Halyk Bank -тің  Алматыдағы филиалына барып,  құжаттарын рәсімдеп, пәтер кілтін өз қолдарына алған отбасының   қуанышында шек жоқ.

Халық үшін қызмет ететін  Halyk Bank тің бұл бір ғана мүмкіндігі емес. Бұл  банк  ақша жұмсағаныңыз үшін сыйлықтар береді.   Пәтерден бөлек   қазір ай сайын   iPhone смортфондары ойнатылып жатыр.  Тұтынушыларына арналған  өте тиімді шарттармен  берілетін сыйақы мөлшері  жоғары қызмет түрлері де көп.   Мысалы,  Halyk Bank қызметін  онлайн қосымша арқылы пайдалану өте тиімді.

Бүгінде, үйде отырып-ақ, жедел ақша аудару, тауар сатып алу секілді  онлайн қызметтердің алатын орны ерекше. Онлайн қызмет көрсету сервистері қазір барлық салада,   барлық  банкте бар.  Тұрмысты жеңілдетіп, уақытты үнемдеген осындай  қосымшаны ең алғаш елімізге  әкеліп, тұтынушыларға ұсынған  Halyk Bank екенін біреу білсе біреу білмесі анық.

Halyk Bank -тің қаржы порталы – Номеbank.kz деп аталады. Бұл  қосымша арқылы  3 000-нан астам қызмет түрін қолдануға болады. Атап айтқанда, банк ішінде барлық төлем мен аударымдар және    коммуналдық қызмет, мобильді телефон, интернет, айыппұл, тағы да басқа  барлық төлемдер үшін комиссия — 0 теңге.

Бұған қоса, төлем жасау арқылы  бонус алу және оларды төлем жасағанда  қолдауға болады. Қаншалықты көп зат сатып алынса  соншалықты бонус беріледі. Еліміз бойынша төлемдер үшін  ең жоғары 1% bonus     Homebank.kz  қосымшасына тиесілі екенін  біле жүріңіз.Сондай-ақ банктің серіктестері желісінде атаулы банктің картасымен төлем жасағанда 25%-ға дейін бонус алу мүмкіндігі тағы бар. Бұл серіктестер тізімін банктің ресми halykbank.kz сайтынан көре аласыз.

Мұнан басқа да Halyk Bank-тің Homebank қосымшасы бойынша артықшылықтарын  тізіп көрейік,

Бірінші,  Homebank.kz — арқылы үйден шықпай-ақ банктің барлық қызметін қолдануға болады.  Банк клиенттерінің   телефон нөмірі бойынша комиссиясыз аударым жасау және бүкіл әлем бойынша кез келген картаға аударымдар жасалады.  Western Union Online арқылы тиімді тарифтермен ақша алу және аударуға, Halyk Bank  клиенттері арасында QR бойынша аударымдар жасауға болады.  Ал  ҚР банктерінің карталарына  ақша аудару комиссиясы -150 теңге. Бұл еліміздегі ең арзан  қызмет көрсету болып табылады.

Екінші, қолма-қол ақшаны картасыз шешіп алу. Қызметтің бұл түрін   елде карантин  жарияланып,  көпшілікке берілген — 42 500 теңгені алу кезінде пайдаландық. Тиімділігін көрдік.

Үшінші, банк қосымшасы арқылы мультивалюталық Halyk Bonus картасын алуға  болады. Бұл жерде картаны үйге немесе офиске жеткізіп беруге тапсырыс берсе, карта келесі жұмыс күні жеткізіледі. Жеткізілуі тегін картаның артықшылығы  үш валюта: KZT, USD, EUR қатар жүреді. Шетел валютасындағы салымдар бойынша теңге баламасындағы сома төлем жасалған немесе сатып алған күнгі ҚР ҰБ есептік бағамы бойынша есептеледі.  Halyk Bank-тің POS-терминалдары арқылы сатып алғаны үшін және Homebank-тегі төлемдер үшін 1%  кепілдік бонус берілетіні тағы бар..

Төртінші, пайдалы сервистері.  Әлемнің кез келген жерінде депозитті онлайн ашып, 24/7 ақша алуға және толықтыруға болады. 5 минут ішінде  6 000 000 теңгеге дейін кредит алуға және 2 000 000 теңгеге дейін 24 айға дейінгі мерзімге ірі дүкендер желісінде бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.

Бесінші,  24/7 онлайн-чат жұмыс істейді.

Онлайн-чат 1000 аса сұраққа жауап беретін дербес көмекші.

 Клиенттерге арналған қосымша жеңілдіктері:

  • 25% дейін бонус ала аласыз
  • Жасаған саудаңыз үшін бонустармен төлей аласыз
  • Halyk Light-пен 4 айға бөліп төлеп сатып ала аласыз.

Осындай мүмкіндіктер мен сыйақылар беретін Homebank қосымшасына  тіркелу өте оңай.

  1. Android немесе iOS смартфондары үшін қосымшаны жүктеп алыңыз
  2. «Тіркелу» батырмасын басып, экрандағы жеңіл нұсқаулықты пайдаланыңыз:

Өз ЖСН және телефон нөміріңізді енгізіңіз

SMS келген кодты енгізіңіз

Пароль орнатыңыз

Бейнетексеруден өтіңіз

ДАЙЫН!

Онлайн төлемдер негізі қолжетімді әрі қауіпсіз жүйе, технологиялық тұрғыдан тиімді сервис қана емес, банк қызметтерін қолданғанда жайлылық пен қарапайымдылықты қамтамасыз етуші сервис.

Halyk Bank ел сеніміне ие болған халық үшін қызмет ететін республика деңгейінде бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша бірінші орынға ие.

 Айнаш Шойынбекова