4.11.2020, 15:33
Қараулар: 503
ЖИТС — тің алдын алу

ЖИТС — тің алдын алу

  ЖИТС  — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы — бұл АИТВ -пен     зақымдалғаннан  кейін иммундық жүйенің жеткіліксіз жұмысынан пайда болатын аурулардың жиналуы.

  АИТВ — адамның иммунтапшылығы вирусы, адамның иммундық жүйесін  зақымдайды,оның нәтижесінде инфекциялық , саңырауқұлақ  және ісік аурулар туындауы мүмкін.

АИТВ инфекциясының алғашқы кезеңдегі белгілері:

— лимфа түйіндерінің улкеюі;

— бірнеше күн бойы дене қызуының 37-38 0С  шамасында жоғарлауы және ұзаққа созылуы;

— салмағының төмендеуі;

— диарея (ішінің өтуі);

— шамадан тыс терлеуі;

—  созылмалы суықтап ауруы;

АИТВ қалай жұғады:

— АИТВ — ны жұқтырған адамның қанын және қанның құрамын құйғанда;

— АИТВ -ны жұқтырған адаммен қорғанбай жыныстық қатынасқа түскенде;

— Шприцтерді ,инелерді, ыдыстарды,сүзгіштерді,тартқыштарды және инекциялық есірткіні тұтыну барысында қолданылатын басқа да бейімделген заттарды бірлесіп және қайталап қолданғанда;

— АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік кезінде , босанғанда және емізгенде;

— Қанның қалдығы жұққан бөтен адамның қырынатын заттарын , тіс щеткасын қолданғанда жұғады.

АИТВ қандай жағдайда жұқпайды?

  • достық қол алысу кезінде;
  • сүйісу, құшақтасу кезінде;
  • ортақ кітаптарды ,қалам мен басқа да тұрмыстық заттарды қолдану кезінде;
  • ортақ дәретхана ,бассейнды қолдану кезінде ,себебі сілекей зәр арқылы берілмейді;
  • ортақ автокөлікті пайдалану кезінде;
  • маса,кене, тарақандар мен басқа да жәндіктердің шағуы кезінде;
  • жөтелу ,түшкіру кезінде;(ауа арқылы)

Адам АИТВ жұқтырғанын қалай біле алады?

— АИТВ -ті жұқтырғанан кейін қанда пайда болатын антиденелердін қанның арнайы анализі кезінде табуға болады. Антиденелерді табу адамның АИТВ -ны жұқтырғанын көрсетеді. Алайда ,антиденелер қанда АИТВ -ны жұқтырғаннан кейін 3-6 айдан соң ғана табылуы мүмкін , сондықтан кейбір кезде АИТВ -ны жұқтырғанына бірнеше ай болған адам қанының анализі теріс нәтиже көрсетеді.АИТВ -ны жұқтырған кезде көптеген адамдар ешқандай  симтомдарды байқамайды.АИТВ -ны жұқтырғаннан кейін адам ұзақ жылдар бойы өзін жақсы сезінуі мүмкін. Бұл кезең жасырын (латентті) сатысы деп аталады.

Бүгінде вирусқа қарсы дәрілер бар , олар вирусты бақылауға алып және АИТВ инфекциясының ЖИТС -қа ауысуын тежейді.

Алдын алу әрекеттерінің міндеттері — адамды АИТВ және ЖЖБИ жұқпалы ауруларынан арылтуға мүмкіндік туғызатын іс-әрекетке баулуға, яғни адамдарды ұзақ мерзімге іс- әрекетін қауіпсіз ете отырып, өзгертуге ықпал жасауға көмектесу болып табылады.

  Казталов аудандық аурухансының СӨСҚ медбикесі Лаура Габбасова