АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Тарих

«АУЫЛ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІНІҢ  ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
фото11930 жылы Қазталов ауданында алғаш рет «Төңкеріс жолы» деген атаумен, 1935 жылдан «Колхоз жолы», 1960 жылдан «Коммунизм жолы», 1991 жылдан «Сарыөзен тынысы», 2004 жылдың басынан «Ауыл айнасы» деген атаумен шығып келе жатырған Қазталов ауданының төл газеті – «Ауыл айнасы».
Сонау 1930 жылдың 17 мамырында алғашқы саны оқырмандар қолына тиген бұл газеттер осы кезге дейінгі ғасырға жуық уақыт аралығында өз ауданының айнасы ретінде оның тыныс-тіршілігін, тұтас шежіресін жазуымен келеді. Газет отызыншы жылдарда латын алфавитімен жарық көрген және оның тұңғыш редакторы Сағат Жұмағалиев болған. 1933 жылыдң ақпан-қыркүйек айларында Нәсекен Кенжәлиев, 1933-39 жылдары Қазанбеков газет редакторлары болып істеген. Кешегі ел басына күн туған Отан соғысының ауыр жылдарында да аудандық газет тоқталыссыз шығып тұрды. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ ауылдағы барлық мүмкіндік пен күштің майданға жұмылдырылуын насихаттаған «Колхоз жолының» журналистері де майданның алғы шебінен хабарлар берумен қатар колхозшылардың барлық ынты-жігерін жеңіске бағыттай білген. -Газет соғыс жылдары 2 бет болып шықты. Редакция орны Қазталов ауылының Чапаев алаңында орналасқан  баспахана үйінен көбінесе түнде шамның жарығымен басылып шығарылатын еді, -деп еске алған баспахана ісінің ардагері Мүслима Қаужанова апай. 40 жылдардағы газеттің белсенді тілшілері қатарында жүрген мұғалім Рахила Төлесова, Уәзипа Нұрғалиева, Нысанбай Ескендіров, Исатай Кенжәлиевтер болған. Газеттің таралымы сол жылдарды 1800-2000 данаға жеткен. Осы жылдары газетте Сатқан Имашев, Сейіт Жалмұқанов, Әдиет Оңғаров, Шаяздан Саматов, Марс Алдекешов редакторлық қызмет атқарды. фото2Редакцияда қызмет істеген Нұролла Ерболатов, Дайын Қапақов, Дайыр Досаев, Бақтыкерей Жұмасұлтанов, Рақым Суханов, Сүйеш Қаженов, Зайдолла Қабдығалиев, Мағжан Кенжеғалиевтер газетке жаңа леп әкеліп, түрлі айдарлар ашылып, оқырамандар қатары көбейіп, газет аптасына 3 рет 4000-ға жуық тиражбен шығып тұрды. 80-ші жылдардың басында «Коммунизм жолына» Темір Құсайынов, Қабдығали Жақыпов, Валерий Бектұрғанов, Боранбай Галиев сынды ойы жүйрік, қаламы ұшқыр жастар келіп, байырғы қызметкерлер Ибат Садықов, Сүйеш Қаженов, Самиға Иманғалиевалармен бірге бір сапта газетке жаңа леп, серпін әкелдіқызмет етті. Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың өзінің ұлттық тарихына, мәдениетіне, тілі мен дініне қайта оралуы жүріп жатқанда аудан жаршысы – газеттің де атауын өзгерту пікірі халық арасында қозғала бастады. Нәтижесінде 1992 жылдан бастап аудан газетінің атауы – «Сарыөзен тынысы», ал 2004 жылдан «Ауыл айнасы» болып өзгертіліп, осы атаумен қазіргі күнде шығып келеді. 2004 жылдан бастап «Ауыл айнасы» газеті «Жайық Пресс» медиахолдингінің Қазталов аудандық филиалы ретінде тіркелді. Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің әр жылдардағы редакторлары
  1. Сағат ЖҰМАҒАЛИЕВ – газеттің алғашқы редакторы
  2. Насиболла КЕНЖӘЛИЕВ – 1930 жылғы ақпан-қыркүйек
  3. ҚАЗАНДЫҚОВ – 1933-39 жылдары
  4. Насиболла КЕНЖАЛИЕВ – 1940-1947 жылдары
  5. Қажиахмет ЖАНҒАЗИЕВ – 1942-1947 жылдары
  6. Сатқан ИМАШЕВ – 1947-195 жылдары
  7. Сейіт ЖАЛМҰҚАНОВ – 1950-52 жылдары
  8. Әдиет ОҢҒАРОВ – 1953-55 жылдары
  9. Шаяздан САМАТОВ – 1955-61 жылдары
  10. Марс АЛДЕКЕШОВ – 1961-68 жылдары
  11. Ибат САЛЫХОВ – 1968-77 жылдары
  12. Сағын КЕРЕЕВ – 1977-83 жылдары
  13. Зайдолла ҚАБДЫҒАЛИЕВ – 1983-1991 жылдары
  14. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ – 1991-96 жылдары
  15. Қанат БАЗАРБАЕВ – 1996-97 жылдары
  16. Зәкәрия ОРАЗАЕВ – 1997-2011 жылдары
  17. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ – 2011 жылдан бастап редакторы қызметінде
 

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.