«ҚАЗТАЛОВ — АНТИТЕРРОР — 2017» ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

31 қазан күні Қазталов ауданы орталығында шартты түрдегі террорлық актіні болдырмауды мақсат еткен «Қазталов-Антитеррор-2017» жоспарлы антитеррорлық жедел-тактикалық жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты — ауданның лаңкестікпен күрес жедел штабы мүшелері мен оның жедел топтары жұмыстарының үйлесімділігін жетілдіру. «Оқу-жаттығу кезінде хабарлау жүйесінің элементтері мен террорлық акт болған жерге жедел штабтың күш құрылымдарын жиналуы, жеткізуі тексерілді.
Бүгінде әр елде барша қоғамға үлкен қауіп туғызатын құрылымды бұзатын күштердің ену қатері бар. Оларға қарсы тұру мәселелерінде табанды болу үшін мұндай оқу-жаттығулар өзара іс-қимыл жасау сәттерін сапалы пысықтауға және әртүрлі ведомстволар арасындағы үйлесімділікке, сондай-ақ баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

(СУРЕТТІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУҒА ЕШ ҚАТЫСЫ ЖОҚ. ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНҒАН.)

Қайрат ЖАҚЫП