26.10.2017, 9:27
Қараулар: 39
ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

25 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен және Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің арнайы қатысуымен Қазталов ауданы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдалған жиын өтті.
Жиында аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Әділ Ғазизов 9 ай ішінде аудан бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептік баяндама жасады.
Баяндамаға қысқаша тоқталып өтсек, Қазталов жергілікті полиция қызметінде штаттық құрылым бойынша 18 қызметкер, ал Жалпақтал жергілікті полиция қызметінде штаттық құрылым бойынша 20 қызметкер, яғни жергілікті учаскелік инспекторлар өз қызметін атқаруда.
2017 жылдың 9-ай ішінде аудан көлемінде барлығы 206-қылмыс оқиғасы тіркеліп, соның 167 ашылған, ашылуы 89,3%. (2016ж. 247/204/82,6%). Оның ішінде ұрлық-89, ашылғаны-66, (2016ж. 107/62), мал ұрлығы 30, ашылғаны-19, пәтер ұрлығы-18, ашылғаны-16, ұялы телефон-11, ашылғаны-10. Осы орын алған 206-қылмыс оқиғасының (142 қылмыс, 64 қылмыстық теріс қылық), соның ішінде 61 35/26 /2016ж.-61/ қылмысты учаскелік полиция инспекторлары жеке дара ашқан, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі УПИ-ның қатысуымен 4-/2016ж.-3/ қылмыс жеке дара ашылған.
Қазталов ауданында тұрғындар көбінесе мал шаруашалығымен айналысқанына байланысты мал ұрлығы азаймай отыр. Мысалы осы 2017 жылдың 9 айында 30- мал ұрлығы фактісі орын алса (2016 жылы — 42) ұрлық дерегі тіркелген. Осы санаттағы қылмыстарды ашылу пайызы ағымдағы жылдың 9-ай ішінде 73,1% болса (2016 жыл -45,5%) құраған.
Аудан бойынша мал ұрлығы көп орын алған Талдыапан ауылдық округі, өткен 9-ай ішінде 9-мал ұрлығы оқиғасы тіркелген, мал ұрлықтарына талдау анықтағандай оның 80-пайызы иелерінің малдарына қарамай иесіз жіберетіндіктерінен жайылымнан жоғалып, олар қылмыскерге оңай олжа болуы себеп болған. Сонымен қатар мал иелері өз күштерімен малды іздеп тым кеш арызданатындары қылмыстың ашылуына өз кезегінде кедергісін тигізеді, себебі мал ізі суып кеткеннен кейін шұғыл жедел іздестіру жұмыстары оң нәтиже бермейді.
Сондықтан, мал ұрлығы жөніңде қозғалған қылмыстық істердің тергеуі қаншама сапалы жүргізілсе де оның ашылуының тиімділігі төмен.
Баяндамадан кейін жергілікті полиция қызметіне байланысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Осы жиында көтерілген мәселелерді атап өтсек, мал ұрлығы, соның ішінде қылмыс жасаған тұлғалардың жеңіл жазалармен құтылып кетуі де қылмыстың қайта жасалуына әкеліп соғуы, аудан бойынша тұрғындардың мас күйінде көлік басқарып, жол-көлік оқиғаларының жиелеуі, жануарларды аудан аумағынан тыс жерге тасымалдау аудандық жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар берген ветеринариялық паспорты мен ветеринариялық өңдеулер жүргізілгендігі туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі ветеринариялық анықтамасы болмауы немесе берілген уақытынан асып кетуі, «Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды емдеу туралы» Заңына сай, мәжбүрлі емдеуге жіберуге денсаулық сақтау органдарының тікелей міндеті болса да, жергілікті жерде денсаулық сақтау ұйымдары маскүнемдерді мәжбүрлі түрде емдеге жіберуге құлшыныс білдірмеуі, аудан орталығы Қазталов ауылына және Жалпақтал ауылына қосымша бақылау бейне камераларын орнату, жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі мектеп полиция инспекторлары штатының жеткіліксіздігі, кейбір ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторларының қызметтік тұрғын үйлермен қамтамасыз етілмегендігі туралы болды.
Жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар тарапынан болашақта жергілікті полиция қызметінің материалдық техникалық базасын нығайту, сонымен қатар ауданда құқық бұзушылықты тоқтату мақсатында бірқатар жоспарлы жұмыстарды бірлесіп атқару туралы ұсыныстар да білдірілді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар