19.10.2017, 15:51
Қараулар: 28
КӘСІПКЕРЛЕР БАСҚОСҚАН КЕЗДЕСУ

КӘСІПКЕРЛЕР БАСҚОСҚАН КЕЗДЕСУ

18 қазан күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында БҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Каиршин Қазталов ауданы кәсіпкерлік палатасы жанындағы кәсіпкерлермен, шаруа қожалығы жетекшілерімен кездесу өтті.
Кездесуде Қазталов ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Аманжол Нығметов ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
-Соңғы 9 айда кәсіпкерлікті қолдау орталығымен 540 адамға 702 кеңес көрсетілсе, оның ішінде 4-і бизнесті ашу және жабу қызметі, 94-і «Бизенстің жол картасы — 2020» бағдарламасымен, 437-і «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен және 127-і «Агробизнес — 2020» бағдарламалары бойынша түсіндірілді. Аталмыш айдың қорытындысы бойынша 25 адам оқытылып, сертификаттар алды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында «Игілік» бағдарламасы шеңберінде 11 адамға — 47 млн. 6900 мың теңге, «Іскер» бағдарламасы аясында 2 адамға — 8 млн. теңге, «Береке» бағдарламасы бойынша 21 адамға — 53 млн. 50 мың теңге қаржылай қолдау көрстеілді, -деді.
Сондай-ақ кездесуде Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Каиршин кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарға кеңес беру, оқыту жайы жөнінде айтып өтті.
Кездесуде кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Әсем БОЛАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар