19.10.2017, 15:49
Қараулар: 19
АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

17 қазан күні Қараөзен ауылдық округінің Серік, Жас ауылдарында және Қарасу ауылдық округінің Бостандық, Ащысай, Жұлдыз ауылдарында аудан әкімдігінің ашық есік күні өтті.
Бұл шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков пен аудандағы салалық мекемелердің басшылары қатыстып, аталмыш ауылдардың тұрғындарымен кездесті.
Кездесулерде округ әкімдері өткен 9 айда атқарылған жұмыстарынан есеп берсе, салалық мекеме басшылары бүгінгі күнде халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен өз қызметтері туралы кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар аудан әкімі ауданымызда жасалып жатырған жұмыстар туралы айта отырып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен сұрақтарға жауап берді.
Ашық есік күні өткен ашық-жарқын кездесулерде ауыл тұрғындары жұмысқа орналасу, бөгеттерді тазалау, жол көтеру, ауылдарға ауыз су өткізу, газ тарту сияқты мәселелерді қозғап, басқа да жұмыстар төңірегінде өз ұсыныстарын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар