НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҮШІН

20429701_304547989955096_7515551386593568382_nҮстіміздегі жылдың «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» аясында 27 адам газ қондырғысының операторы, шаштараз және аспазшы мамандықтары бойынша қысқа мерзімді оқуға жолданды.
Ал екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында несиелендіруге 148 млн. 452 мың қаражат, соның «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы арқылы 87 млн. 452 мың теңгенің 65 млн. 500 мың теңгесі бүгінгі күнде игеріліп отыр. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалы арқылы 61 млн. теңге бөлінсе, қазір 6 адам малдану мақсатында 27 млн. 400 мың теңгеге қол жеткізді.
«Бастау бизнес» жобасы бойынша 60 адам кәсіпкерлік негіздерінде оқып, сертификаттары табысталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат