10.07.2017, 10:31
Қараулар: 411
«ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЙНЕСІ – ЕЛОРДА»

«ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЙНЕСІ – ЕЛОРДА»

19679119_295600044183224_8935107046783785669_o 19693684_295600330849862_1396316813097096120_o 19780473_295600490849846_5747796693657813593_oҚазталов ауданының халқы 6 шілде – Астана күнін тойлауды бастап кетті. Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің мәдениет үйінде «Елдігіміздің бейнесі – Елорда» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, мерекені ашып берді. Сөз алған аудан басшысы алдымен бас қаламыздың Қазақстан үшін алар орны мен қиын-қыстау кезеңде бойын тіктеген, жеткен жетістіктерін атап өтіп, барша жалпақталдық ағайынды Астана күні мерекесімен құттықтады.
Салтанатты шара Елордамыз туралы бейнебаян арқылы жалғасып, Жалпақтал мәдениет үйінің көркемөнерпаздары даярлаған мерекелік концертімен жалғасты.
Концертте көрерменнің бойындағы патриоттық сезім мен рухты көтеретін және Астана қаласының бейнесін айқындайтын жырлардан шашу шашылды. Әсіресе, Жалпақтал мәдениет үйі жанында құрылған вокалды инструменталдық ансамбльдің орындаған тамаша әндерін көрермен ыстық ықыласпен қабылдады.

Қайрат ЖАҚЫП