30.06.2017, 10:08
Қараулар: 39
АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

IMG_6789Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазталов ауданының әкімі болып Абат Абайұлы Шыныбеков тағайындалды.
29 маусымда облыс әкімі Алтай Көлгінов аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, Қазталов ауданы әкімі лауазымына Абат Абайұлы Шыныбековтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар облыс әкімінің ұсынысын қолдады.
Осы күні өңір басшысы бұған дейін аудан әкімі қызметінде болған Нұрлан Бекқайырдың атқарған қызметіне алғысын білдіріп, актив жиналысқа қатысушыларға жаңадан тағайындалған аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбековті таныстырды.
Актив жиналыста сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданның экономикасы мен әлеуметтік дамуы үшін күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Абат Абайұлы Шыныбеков
1973 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика –менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
А.Шыныбеков 1996-2003 жылдары аралығында әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте қызметтер атқарған.
• 2003-2006 жылдары Қазталов ауданы әкімінің орынбасары,
• 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі,
• 2008-2012 жылдары «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары,
• 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы;
• 2013 жылдан бері Сырым ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.