30.06.2017, 10:02
Қараулар: 6
АУДАНДЫҚ СОТ ГАЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІН МАРАПАТТАДЫ

АУДАНДЫҚ СОТ ГАЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІН МАРАПАТТАДЫ

19453062_292104984532730_5095245767382383973_oСот жүйесін ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету — мемлекеттің ең маңызды және өзекті тапсырмасының бірі болып табылады. Сот ісін жүргізу ашықтығы қоғамға да, сот жүйесіне де бірдей қажет. Қоғамның бағасы сот билігінің беделін арттыруға әсер етеді. Ал БАҚ өз кезегінде сот жүйесінің дамуына үлесін тигізіп, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға көмек көрсетеді.
Осы орайда Қазталов аудандық соты әркезде де бұқаралық ақпарат өкілдерімен, соның ішінде, «Ауыл айнасы» газеті қызметкерлерімен жиі кездесіп, үнемі ақпарат алмасып отырады. Қай кезде де әділдік үйінің есігі журналистер үшін ашық деуге болады. Бұның өзі аудандық сот қызметкерлерінің жаңаша, былайша айтқанда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ойдағыдай жүзеге асуы бағытында жұмыстануда деп айта аламыз.
28 маусым күні аудандық сотта аудандық соттың судьясы Әсел Жамантаева бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай газеттің тілшісі Гауһар (Әділжан) Құрманғазиеваға алғыс хат пен естелік сыйлық табыстап, шығармашылық қызметіне жемісті еңбек тіледі. Сондай-ақ газет тілшісі де осындай құрмет үшін рахметін айта келіп, алдағы уақытта да сот пен БАҚ-тың арасындағы байланыс бұрынғыдан да нығая беретінін жеткізді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ