12.06.2017, 9:49
Қараулар: 67
ҚҰДЫҚ БАСЫНДА «ҚЫЗЫП» ҚАЛДЫ, БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

ҚҰДЫҚ БАСЫНДА «ҚЫЗЫП» ҚАЛДЫ, БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

19059569_283881585355070_2134255789842400017_nМамырдың мамыражай күнінде Бостандық ауылының А. деген тұрғыны дүкеннен бір жарты алып шығады. Ол жартыны кафеде де емес, үйде де емес С. деген досымен құдық басында бөліп ішеді. Бұны көрген ауылдағы полиция инспекторы тәртіпке шақырып, оны қызметтік көлігімен үйіне апарып тастауға әрекет жасайды. Бірақ бойында «қызуы» бар А. тыңдамайды. Тыңдамағанымен қоймай, тәртіп сақшысын балағаттап, қызметтік киіміне зиян келтіреді.
Осындай әрекеті үшін Қазталов аудандық соты А.- ны ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен, 379-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танып, 120 (бір жүз жиырма) сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды.

«Ауыл айнасы» ақпарат