8.06.2017, 15:59
Қараулар: 22
ЗАҢСЫЗ КИІК АУЛАҒАН ӘЖІБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

ЗАҢСЫЗ КИІК АУЛАҒАН ӘЖІБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

18920140_281453625597866_668932391837667508_nҚазталов ауданының ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттері мен қырағылығы арқасында 2 маусым күні сағат күндізгі 11-12 шамасында Әжібай ауылына қарасты «Мерәлі» қыстағының жанында заңсыз киік ұстаған Әжібай ауылының Ж. деген тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде Volkswagen Passat автокөлігінің ішінен аңшылық қару, мүйізі кесілген 1 бас киіктің төшкесі және мүйіз табылып, тәркіленді.
Қазір бұл азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 337 бап 4 бөлімі (Заңсыз аңшылық) негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
(сурет ғаламтордан алынды)

Мөлдір ӘНУАРБЕК