26.04.2017, 15:19
Қараулар: 6
«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ!» ФОРУМЫ

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ!» ФОРУМЫ

18121742_268313490245213_7584133644509304573_o 18192407_268313156911913_5632461317152500156_o26 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «Парасыз болашаққа бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті. Форумның мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Форумда аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының хатшысы Радим Рахметов, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық №1 сотының кеңсе меңгерушісі Руслан Қаженов, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Гүлбаршын Бақтыгереева және аудандық жастар демалыс орталығының директоры Дархан Жалиев сөз алып, -Бүгінде Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5 басымдығын іске асыру мақсатында кең көлемде жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар құрылып, округтерде насихат жұмыстарын жүргізуде. Сондықтан да жемқорлықтың алдын алуға күш салу және күресу баршамыздың парызымыз, -деді.
Сондай-ақ форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнефильм көрсетіліп, форумға қатысушыларға парақшалар таратылды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА