26.04.2017, 15:14
Қараулар: 25
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ ЖАҢҒЫРУҒА ҮН ҚОСАДЫ

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ ЖАҢҒЫРУҒА ҮН ҚОСАДЫ

18121258_268021363607759_7609021574466612133_o25 сәуір күні А.Оразбаева мектебінде аудандағы мектеп директорларының қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыру бағытында жиын өтті.
Жиында сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, -Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Сондықтан да Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы біздерге жаңа міндеттер жүктейді, -деді.
Сондай-ақ жиында аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Қуанышбек Ақынбасов алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті. Жиынға қатысушылар Елбасының айтқан сөздеріне үн қоса келе жас жеткіншектерге ұлттық сананы одан әрі дамыта беруге күш салатындарын жеткізді.

Әсем БОЛАТ