26.04.2017, 15:12
Қараулар: 10
«ГУД БАЙ!» ДЕП КЕТІП ҚАЛДЫ… БІРАҚ КӨТЕРМЕ АҚЫЛАРЫ СОТ АРҚЫЛЫ ӨНДІРІЛДІ

«ГУД БАЙ!» ДЕП КЕТІП ҚАЛДЫ… БІРАҚ КӨТЕРМЕ АҚЫЛАРЫ СОТ АРҚЫЛЫ ӨНДІРІЛДІ

18058115_268019383607957_1071787174438204302_nБүгінде оқу бітіріп келген жастарға жол ашық. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандар пәтермен қамтылып немесе оларға көтерме жәрдемақы да төленеді. Тек сол келген мамандар келісім-шартқа сәйкес жұмыс жасаулары тиіс. Бірақ кейбір жас мамандар тарапынан алдына қойған міндет-мақсаттарын орындамай, жұмыс берушілерді орынсыз жағдайға қалдырып кетіп жатқан фактілерде кездесіп қалуда. Осындай болған екі жағдайды Қазталов аудандық соты қарап, тиісті шешім қабылдады.
Н. деген азамат 2016 жылы Қазталов орта жалпы білім беретін мектебіне жұмысқа орналасады. Н.-ға тиісті заңға сәйкес 148 мың 470 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Бірақ ол келісім-шартта көрсетілген мерзімді орындамай, жұмыстан шығып кеткен.
Сондай-ақ А. деген азамат 2016 жылы Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп гимназиясына жұмысқа орналасып, ол да келісім-шартта көрсетілген мерзімді орындамай, жұмыстан шыққан.
Қазталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің талап-арызына сәйкес Қазталов аудандық соты АПК-нің 117, 147, 223-226, 229-баптарын басшылыққа ала отырып, Н-дан және А-дан әрқайсысынан 148 мың 470 теңге өндіру туралы шешім шығарды.
Міне, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа алынып, оны мерзімі жетпей шығып кетулері, ол мамандардың жауапкершіліктерінің жалпы қоғам алдындағы міндеттерін дұрыс түсінбеулері деп санаймыз. Өйткені бүгінгі күнде оқу бітіріп келіп жатырған мамандар көптеп саналады. Солар өздерінің мамандықтарына сәйкес қызметке орналаса алмай жатса, ал жоғарыда аталған 2 жас маманның болар-болмас уақыт қызмет істеп, «Гуд бай!» деп кетіп қалуларын қалай түсінеміз..?

Жұлдыз АСҚАР