26.04.2017, 12:15
Қараулар: 13
ЖЕҢІСКЕ ТЕК РУХТЫҢ КҮШТІЛІГІМЕН ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ

ЖЕҢІСКЕ ТЕК РУХТЫҢ КҮШТІЛІГІМЕН ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ

18157399_267931140283448_5359172015671230166_nЕлді қорғау-абыройлы міндет. Сол абыройлы міндетті адал атқару сайдың тасындай сапқа тұрған әрбір сарбаздың парызы. Әскери қызмет әрбір азаматты әскери-патриоттық рухқа, Отан алдында борышын өтеу сезімін қалыптастыруға, өмірлік қиыншылықтардан мүдірмей өтуге тәрбиелейді. Ең алдымен өз бойымыздағы жаңа қазақстандық патриотизмді дамытуымыз қажет. «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген жаңа үрдіске бет түзеген терезесі тең 50 елдің емес, ең мықты алпауыт 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқанымыз сондықтан.
Бүгінгі таңда елімізде бейбітшілікті, тыныштық пен келісімді сақтау жалпыұлттық құндылыққа айналды. Қазақстан әскери техникасы дамыған, қорғаныс қабілеті күшті, бейбітшілігі баянды мемлекет болып саналады. Тәуелсіздігімізге 26 жыл толса да, бүгінде әскерімізге барынша жағдай жасалып келеді.
Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың әскери қызметтің абыройын көтеруіне ерекше қарайтынын көрсетіп отыр. «Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, еліміз көркейіп, армиямыздың беделі жылдан-жылға нығайып келеді.
Қазіргі күнде жастарды көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізіліп жатыр. Ауданымыздың жастары Отан алдындағы борышын өтеуде үлгілілік көрсетуде. Бұған айғақ жастарымыздың түрлі әскери оқу орындарында білім алуларымен қатар, сарбаздардың әскери міндетін өтеу кезінде үлгілі болғаны үшін олар қызмет ететін бөлімдерден алғыс хаттардың келуі де соның айғағы деп білеміз. Дегенмен де жастар арасында әлі де болса Отан алдындағы борышын өтеуде салғырттықтың да бар екенін жасыруға болмас. Аудандық қорғаныс бөлімінің мәлеметіне көз жіберсек, Ақпәтер, Қараөзен ауылдық округтерінен көктемгі әскерге шақыруда арнайы тексеруден өтуде белсенділік танытса, керісінше Бостандық ауылдық округінен әскерге барудан бас тарту фактісі де бар.
Бұндай жағдайлардан қалай арылуға болады? Күні кешегі Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласында әркім өз елінің патриоты болуы қажет екені атап айтылды. Патриоттық сезім қалай қалыптасады? Патриоттық сезім үйден, мектептен, ортадан қалыптасады. Әрбір жас өзінің бейбіт күнде де іс-әрекеті арқылы өзін патриотпын деп санауы қажет. Міне, сондықтан да әскерге шақыру науқанында өзінің жауапкершіліктерін терең сезінулері керек.

Гауһар ӘДІЛЖАН