26.04.2017, 11:52
Қараулар: 31
«ГҮЛДЕНЕ БЕР, ТУҒАН ЕЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ГҮЛДЕНЕ БЕР, ТУҒАН ЕЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

17952711_266808797062349_9083420637097993862_n22 сәуір күні аудан орталығында «Гүлдене бер, туған ел!» атты экологиялық акциясы өтті. Акцияға мекемелерде, мектептерде жұмыс жасайтын жастар белсенді атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар акция барысында аудандық жастар ресурстық орталығының жастары мешіт алаңына жас көшеттер отырғызды.
— Бұл акцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз — жастардың экологиялық мәдениетін көтеру және туған өлкенің табиғатын қорғау болып табылады. Бұндай істер әлі де жалғасын таба беретін болады, -деді жастар ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нұрекешов.
Туған өлкеміздің көркеюі жолында бәріміз бірге атсалысайық, ағайын!

Жұлдыз АСҚАР