14.04.2017, 15:34
Қараулар: 26
ЕСІРТКІНІ ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАН

ЕСІРТКІНІ ЗАҢСЫЗ САҚТАҒАН

17884533_263463820730180_2879149684746166387_nҚазталов ауылының тұрғыны С-ны көшеде алкогольдік ішімдік ішіп тұрғаны үшін полиция қызметкерлері аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіп, ӘҚБтК-нің 791-бабына сәйкес жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру барысында С-ның үстіне киген курткасының сол жақ ішкі қалтасынан сіріңке қорабының ішінде газет қиындысына оралған есірткі құралы, яғни жалпы салмағы 2,64 грамм кептірілген марихуана тапқан.
Қазталов аудандық сотының қаулысымен С-ны ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 120 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза қолданды.

Әсем БОЛАТ