3.04.2017, 11:16
Қараулар: 56
РӨЛДІ ҰСТАУҒА ҚҰҚЫ БОЛМАСА ДА, КӨЛІК ЖҮРГІЗІП, ТӘРТІП БҰЗДЫ

РӨЛДІ ҰСТАУҒА ҚҰҚЫ БОЛМАСА ДА, КӨЛІК ЖҮРГІЗІП, ТӘРТІП БҰЗДЫ

17634543_258420441234518_3705686867412605855_nЧапаево-Қазталов-Жәнібек күре жолына қара жамылғы (асфальт) төселуі халық үшін қуанышты жағдай болып отыр. Қазіргі күнде Жалпақтал ауылына дейін көзді ашып-жұмғанша келіп қалып жатамыз.
Алайда жолдың жақсаруы жол- көлік оқиғаларына да себепші болып жататынын жасыруға болмас. Жүргізушілер жылдамдықты асыра пайдаланып, түрлі оқиғаларға душар қылып жатады.
Қазталов аудандық сотында қаралған 2 ақпан 2017 жылы Жалпақтал-Қазталов тас жолының 200-ші шақырымында келе жатырған азамат Н. Vollkswagen Passat маркалы аутокөлігімен жол жүру ережелерін бұза отырып, азамат Ж-ның аутокөлігіне соқтығысып, материалдық залал келтірген. Сондай-ақ азамат Н. бұдан бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған екен.
Қазталов аудандық соты Н-ны ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни: 45 380 теңге айыппұл салу туралы қаулы етті.
Ал 25 ақпан 2017 жылы азамат С. түні бойы қонақтықта болып, ішімдікке бой алдырған. Таңертең тұра сала тумасының ВАЗ 21140 маркалы аутокөлігін айдап шығып, С.Садықов көшесінің бойында жол ережесін бұзған. С. бұдан бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Қазталов аудандық соты С-ны ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, осы баппен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, 200 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жөнінде үкім етті.
(Материалдар аудандық соттан алынды)

Әсем БОЛАТ